{metadescription}
0:000:00
Автопарктердің үштен екісі   жолаушы тасымалдауға жарамсыз

Автопарктердің үштен екісі жолаушы тасымалдауға жарамсыз

Еліміздегі автопарктердің үштен екісі әбден ескірген, жолаушы тасымалдауға жарамсыз. Көлік және коммуникация министрлігінің есебі осындай. Расында автобус апат қылды, лас, бұзылуға шақ жүреді деген шағым көп түседі. Оған қоса ішімдік ішіп, наша шеккендердің де қоғамдық көлік тізгінін ұстағаны талай әшкереленді. Одан кейін де түзеліп кеткен автобусты көрмедік. Ал көліктік бақылау инспекциясы  тек айыппұлмен шектеледі, қала берді жергілікті биліктің пәрменіне мұқтаж.

Қоғамдық көлік «қораш қылық қылыпты»  десе,  алдымен Алматының автобустары айтылады. Халқы судай сапырылысып, сеңдей соғылысатын мегаполисте жұрт көп. Яки қып-қызыл ақша,ебін тапқанға. Бірақ «ебін таптым»деп есерлік қылатындар азаймай тұр. Бүгін де  жолаушылар тасымалдауға рұқсат беретін тілдей құжаты жоқ көліктер қаптаған.

 «Не қыламын» деп қырсыққандарға қыларын қылды,инспекторлар. Айтып ауыз жиғанша,  7 айлық көрсеткішке тең айыппұл жазып берді. Бұл Алматы мен көрші аудандар арасында жолаушы тасып жүйткитін автобустардың тұрағы. Көбі  «тексеріс»деп,  тітіркеніп,  қақпа алдында қаңтарылып тұрды, тысқа шықпады. Ал тұтылғандары тіптен нендей құжаттың не үшін керегін білмейді.

Мамлюк, автобус жүргізушісі:

-  «Куәлігі  жоқ»  дейді ғой. Неге базадан бермейді,  соны. Соны бізге айтпайды,  куәлік болады деп. Соған бола,міне,акті жазып жатыр.

Көліктік бақылау инспекциясының да көңілі күпті. Алматыда тек 4 инспектор мен бір ғана арнайы жасақталған көлік бар екен. Қалада 117 бағытта әрлі-берлі құйғытқан қояншықтарды құрықтауға бұл жеткіліксіз. «Қой»дейтін қожа болмағасын,  олпы-солпы, салдыр-салақ жолға шығатындар көп. Кейбірі тіптен техникалық талаптарға сай келмейді.

Жазда жұрттың жағасын ұстатқан бейнекөрініс бұл. Тежегісін тежемеген автобус басқа емес, тәртіп сақшысының көлігін бүйірден ұрып талқан қылған-ды. Жалғыз бұл емес, елімізде осы жылдың он айында қоғамдық көліктер 360 рет жол апатына түскен. 322 адам бақилық бопты. Қалай дегенмен қадағалаушылар тек там-тұм айыппұлмен шектеледі, қала берді қалалық әкімдіктің пәрменін күтеді.    

Шыңғыс Байқадамов, Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы бөлімінің бастығы:

- Бұзушылықтар жиі қайталанған кезде біз ол туралы  жергілікті әкімшілікке  хат жолдаймыз. Сол әкімшіліктің құқы бар. Тендердіөзгертіп,  маршруттан алып тастауға құқы бар,әкімшіліктің. 

Жыл басынан бері Алматыда мың жарымға жуық автобус тексерілген. Солардың тең жарымынан ақау шыққан, яғни жолаушылар тасымалына жарамсыз.

Алып шаһар Алматының апыл-ғұпыл асыққан адамдарын діттеген жеріне жеткізіп,жолаушылар тасымалына жан бітіретін тасымалдаушылардың қызметі сапаға сай емес. Көпшілікті тасымалдайтындардың көбінде қажетті құжаттары қат, техникалық талаптарға сәйкес емес. Жыл басынан бері бір ғана Алматыда жолаушылар тасымалының талабына сәйкес келмейтіндерге 857мың теңге айыппұл салынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде