{metadescription}
0:000:00
Былтыр төбесі опырылып түскен мектеп әлі  қаңырап тұр

Былтыр төбесі опырылып түскен мектеп әлі қаңырап тұр

Жезқазғанда былтыр төбесі опырылып түскен мектеп әлі жөндеу көрмей, қаңырап тұр.  Ғимаратта білім алып келген 500-ге тарта оқушы бір жылдан бері басқа мектептерге сабылуға мәжбүр. Облыстық білім беру басқармасындағылар тиісті қаражат «қарастырылды» дегенмен, жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін басталмаған. 

№11 мектеп Жезқазған қаласындағы  отыз мектептің ең көнесі. Білім ошағының төбесі былтырғы оқу жылының ортасында опырылып түскен. Абырой болғанда шаңырағы құлаған сыныпта сол мезетте оқушылар болмапты. Содан бері ғимарат есігі тарс жабылып, оқушылар қаладағы басқа мектептерге бөлінді. Облыстық білім беру басқармасындағылар апат өткен жылдың аяғында болғандықтан,  жөндеу жұмыстарының есеп-қисабын «биылғы бюджетке кіргізе алмадық»деп сылтауратып отыр. Сондықтан жөндеу жұмыстары келесі жылы ғана басталмақ. Сондықтан бұл ауданның оқушыларына әлі де басқа мектерге сабылуға тура келеді. 

Жанқозы Рақытаев, Жезқазған қаласының тұрғыны:

- Қазір қиын, бір баламды қаланың бір шетіне,екінші баланы қаланың осы жеріне мектепке апарамын. Мектебімізді істеп берсе жақсы болар еді.

Гүлнұр Сейітова, Жезқазған қаласының тұрғыны:

- Баламды осы мектепте даярлық курсына бергенмін, содан кейін бірінші сыныпта оқып жүргенде осындай жағдай болды. Енді,міне,амалсыздан баламды қаланың шетіндегі 5 ші мектепке тасып жүрмін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде