Президент жарлығымен қызметінен кеткен судья халықаралық ұйымдарға шағымдануда
Автор: Жаңалық Ахаш
29.11.2011
Алғашқыда экстремистік ағымдағы діни ұйымдарға қатысы бар деген желеумен қызметінен шеттетіліп, кейін ақталып шыққан Ақтөбе облыстық сотының судьясы Ағысбек Төлегенов бұратала қуылып тынды. Тиісті Жарлыққа Президенттің өзі қол қойған.
Ағысбек Төлегенов, Ақтөбе облыстық сотының бұрынғы судьясы:
- Бүгін жаңа жарты сағат бұрын естідім. Бірақ қандай негізбен шығарып жатқаны белгісіз. Өйткені мені ресми түрде жұмысқа шақырып, таныстырған жоқ. Осыған дейін үш күн бұрын Президентімізге Ашық хат жолдап жібергем.
Ашық хатта Ағысбек Төлегенов сот жүйесіндегі келеңсіздіктерді айтыпты. Өзін қызметінен босатпауды сұраған.
Ақтөбе облыстық сотының тәртіптік кеңесі судьяны Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінен түскен ұсыныс хаттан кейін босаттық деген-ді. Онда судьяның экстремистік ұйымдармен байланысы бары айтылды. Бірақ кейін әскери сот Төлегеновті ақтап шыққан болатын. Енді Президент Жарлығымен қызметінен кеткен судья халықаралық ұйымдарға шағымданған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары