Көктөбеде лай көшкіні болуы мүмкін
Автор: Ерланби Дәулетияр
29.11.2011
Төтенше жағдайлар қызметі Көктөбеде лай көшкіні болу мүмкіндігін растады. Өткен аптада аталмыш аудандағы Сахариев көшесінің тұрғындары өмірлеріне қауіптеніп, жар етегінің сөгіле бастағаны жөнінде дабыл қаққан болатын.
Енді сол жігі ажыраған жер күннен-күнге ұлғайып, ондаған үйлерге қауіп төндіре бастаған. Мұнымен қоса лай көшкіні шығыс айналма жолын да басып қалуы мүмкін. Орын алған жағдайға қатысты аудандық әкімдік өкілдері қалалық көлік басқармасына сілтеме жасап, мәселені «солар шешу керек»дегенді айтуда. Төтенше жағдайлар қызметі қауіпсіздік мақсатында жар етегіндегі бір үйдің тұрғындарын көшірген. Сонымен қатар олар айналма жолдың осы аумағындағы көлік қозғалысын шектеуді сұрап отыр. Құтқарушылардың хабарлауынша, қазір тау бөктеріндегі жарықтың ені 5 метрге дейін жеткен. Осыған байланысты қауіпті аумаққа мамандар тобы жөнелтіліп, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!