{metadescription}
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Судобынан Алматыда өтіп жатқан әлемдік лиганың суперфиналында өнер көрсетіп жатқан жерлестеріміз қатарынан үшінші мәрте жеңіліс тапты.

Алғашқы екі айналымда АҚШ пен Италияға жол берген Сергей Дроздов шәкірттері бұл жолы пенальтиден Қытай құрамасына есе жіберді.

Кездесуді ширақ бастаған қонақтар есеп ашып, басымдықты ұстап қалуға тырысқан. Бірақ біздің жігіттер де қарап қалмай таразы басын теңестірді. Алма-кезек шабуылмен өткен бәсекенің негізгі уақыты 8:8 есебімен аяқтаған. Ал пенальти орындауға келгенде қытайлықтар 4:5 есебімен жеңісті тойлады. Сондай-ақ, бұл кездесуден бөлек Хорватия 20:3 есебімен Бразилияны тас талқан етсе, Испания 8:7 есебімен Австралияның алдын орап кетті. Ал бүгін біздің құрама Хорват жігіттеріне қарсы ойнамақ.

Футболдан қазіргі әлем чемпионы Испания құрамасы Еуропа біріншілігінде Ирландия қақпасына жауапсыз 4 доп тоғытып С тобындағы жағдайын едәуір жақсартып алды. Ал Италия мен Хорватия 1:1 есебімен тең тарқасты.

Ал бүгін Д тобында Украина мен Франция құрамалары Донецк қаласында өзара мықтыны анықтайды.  Алғашқы айналымда Швецияны ұтқан Украинаға бұл жолы оңай болмасы анық. Өйткені Олег Блохин шәкірттері бұған дейін Франция құрамасымен 6 рет жолығып, соның үшеуінде тең ойнаса, қалған матчтар үш жолақты елдің пайдасына шешілген. Десе де чемпионат қожайындары “Донбасс Аренада” жанкүйерлердің қызу қолдауымен керек нәтижеге қол жеткіземіз деп отыр. Өзге кездесуде Швеция Англиямен күш сынаспақ.     

“Ролан Гарростың” жеті дүркін жеңімпазы  Рафаэль Надаль,  бұл күндері Германиядағы турнирдің көрігін қыздыруда.

Жүлде қоры 750 мың еуроны құрайтын доданы екінші айналымнан бастаған әлемнің екінші ракеткасы, словак теннисшісі Лукаш Лацкоға дес бермеді.

1 сағат 15 минутқа созылған бәсекенің нәтижесі 7:5, 6:1. Рафаэль Надаль келесі турда жергілікті теннисші Филипп Кольшрайбермен кездеседі. Жаңа маусым басталғалы бері  шөп жамылған кортқа шықпаған Роджер Федерер, Галледегі алғашқы ойынын неміс теннисшісі Флориан Майермен өткізді. 1 сағатқа жалғасқан бұл бәсеке  6:4 және 7:5 есебімен  швейцариялық шебердің пайдасына шешілді. Әлемнің экс-бірінші ракеткасы жарыстың келесі айналымында канадалық  теннисші Милош Раоништі сынаққа алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде