{metadescription}
Астана - жаңа әлемдегі Еуразия мәдениетінің орталығы
Астана - жаңа әлемдегі Еуразия мәдениетінің орталығы

Астана - жаңа әлемдегі Еуразия мәдениетінің орталығы

Елорда тек ресми ғана емес, мәдени Астана болуға да лайық. Бүгін бас шаһарда «Жаңа әлемдегі Еуразия мәдениеті» атты форум жұмысын бастады. Шараға қатысушылардың Астанаға берер бағасы осындай. Мемлекетаралық ынтымақтастық жобасы аясында 2012-ші жыл Астана ТМД елдерінің мәдени астанасы құрметіне ие болып отыр. Оның үстіне биыл Түркі елдерінің де мәдени астанасы болу кезегі қатар келіп тұр. Осыған орай, қазір Елордада мәдени жиындар, көрмелер және тағы да басқа іс-шаралар өтуде. Шет елдерден келіп жатқан қонақтардың да қатары уақыт өткен сайын артып келеді.

Бұған дейін Астана халықаралық дәрежедегі ресми жиындар өткізумен танылып келсе, енді мәдени шараларды өткізетін үлкен орталыққа айналып отыр. Бейбітшілік және келісім сарайы алдына төселген «қызыл кілем» қонақтардың барлығын бөліп жармай жатсынбай қарсы алуда. Мәдени форумның негізгі қонақтары ТМД елдерінің мәдениет министрлері мен тағы да басқа өнер және білім қайраткерлері. 

Полат Бұлбұлоғлы, ТМД мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының басқарма төрағасы:

- Егер Еуразия құрлығын картадан қарайтын болсақ, қай шетінен алып өлшесек те, Астана сол құрлықтың қақ ортасында тұр. Екі мыңжылдықтың тоғысқан уақытында бұл шаһар өркениет пен мәдениеттің астанасына айналып келеді. Жыл сайын жаңа өзгерістерге толы, оған өзім де куәмін. 

Жаңа әлемдегі Еуразия мәдениеті атты форум аясында мынадай үлкен көрме ұйымдастырылды. Мақсат форумға қатысушыларға және шетел қонақтарына қазақтың ежелгі дәстүрі мен мәдениетін паш ету. Оның үстіне бұл экспонаттардың барлығы тұтас Еуразия құрлығы үшін де өте құнды болып табылады. Сол себепті болашақта шетелде көшпелі көрме ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Бұл көрменің басқа көрмелерге қарағанда ерекшелігі бар. Тарихи жәдігерлер қол тигізе алмайтын қамауда тұрған жоқ. Керісінше, қолмен ұстап көріп ерекше әсер алуға болады. Тіпті ежелгі қалаларға да саяхат жасап сонда болғандай әсер алуға мүмкіндік бар.

Руслан Шербаев, археолог:

- Сіз іштен отырсаңыз басқаша көрініс болады, көріңізші қасыма келіп отырып, қызық үшін... міне бәрі ашық.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 70-тен астам ескі қала мен медреселер қайта жөнделіп, екінші өмірлерін бастады. Солардың барлығының шағын макеттері осы көрмеге қойылып отыр.

Қанат Тұяқбаев, «Қазқайтажаңғырту» ММ бас директоры:

- Сол осы Қалжан-ахун деген кісі уақытында сол жерде балаларды араб тілінде оқытқан. Сол кездегі Қазақстан жеріндегі оқу орындарының бірі деп.

Көрмеден тағы 1970 жылы түсірілген кинодағы Қыз Жібек пен Төлегеннің киімін, ежелгі Сақ, Оғыз көсемдерінің бейнесін және жат жұртта жүріп ел басқарған Бейбарыс Сұлтанның кесенесін, ғұлама данышпан Әл-Фарабидің шетелдегі мәдени орталықтарының шағын үлгісін көруге болады. Енді осының барлығы Еуразия кеңістігіне кеңінен насихатталуда.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Жаңа замандағы Еуразия мәдениеті атты форумның Астана қаласында өткізілуінің өз заңдылығы бар. Өйткені кедендік одақ, еуразия экономикалық кеңістік құру идеясын осыдан 18 жыл бұрын ММУ болған кездесуде президентіміз ұсынған болатын.   

Форумға жиналғандардың көбі өздерінің жаңа жобаларымен бөлісіп жатты. Яғни, болашақта бірлесіп атқару мақсатында. Осылайша мәдени тұтастығымызды одан әрі дамытатын боламыз дейді форумға қатысушылар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде