Астанада әлемде теңдесі жоқ электровоздар құрастырылмақ
Автор: Ербол Сейілхан
04.12.2012
Астанада әлемде теңдесі жоқ электровоздар құрастырылмақ. Жылдамдығы жоғары, ұшқан құстай зулайтын теміржол көлігінің шама-шарқын бүгін мемлекет басшысы көріп, бағасын берді.
Бұл «KZ 8A» деп аталатын қазақстандық электровоздың алғашқы нұсқасы. Локомотив еліміздің табиғатына бейімделіп жасалған. 9 мың тонна салмақты қиналмай тартатын күші бар. Аязға да, ыстыққа да шыдамды. Ал жаңа технологиялармен жабдықталған теміржол көлігін басқаратын адамда арман жоқ. Себебі машинистке арналған кабинада керек-жарақтың бәрі бар. Жаңадан ашылған зауыт жылына 50 электровоз құрастыруды жоспарлап отыр. Әзірше ол жүк тасымалы үшін пайдаланылады. Кейін жолаушылар тасуға лайықталған түрлері де шығарылмақшы. Тепловоз паркінің әбден тозғанын қынжыла айтқан президент зауыттың қожыраған салаға серпін беруі тиіс деді. Ал Елбасының жақсы бағасы мен батасын алғандар мәртебелі мейманды құр қол жібермеді. Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті теміржолшы» атағын табыстады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары