{metadescription}
0:000:00
Алматыда жауған қар 100-ге тарта үйдің шатырын қиратып, 70 көлікті ағаш басып қалды

Алматыда жауған қар 100-ге тарта үйдің шатырын қиратып, 70 көлікті ағаш басып қалды

Алматыны қардан тазалау жұмыстары қауырт жүруде. Қыстың алғашқы күні оңтүстік астанаға қардың айлық мөлшері түсіп, бүкіл коммуналдық қызмет абдырап қалған болатын. Қалың қардан жүздеген ағаш опырылып, көліктерді, үйлердің шатырын қиратқан. Электр желілері зақымданып, әлі де жарықсыз отырғандар бар.   

Алматыға қылышын сүйреп қыс та келді. Желтоқсанның басында-ақ борандатып, қаланы ақ ұлпамен көмкеріп тастайтын әдетінен биыл да таңбады. Бірақ бұл жолғы қар тым қымбатқа түсті қалалықтарға. 1 тәулік толассыз жауған қарды көтере алмай жүздеген ағаш опырылған. Салдарынан жол жиегінде қаңтарушы тұрған көліктерге құлап, иелерін біраз әбігерге салды.

- Жұмыста отырғанмын, танысым сенің көілігіңнің үстіне ағаш құлады деді. Шықсам, шынында да басып қалыпты. Енді кімге хабарларымды білмей отырмын.

Ресми мәлімет бойынша темір тұлпары жарамастай болып бүлінгендердің саны - 70. Бұл тек көмек сұрап хабарласқандары ғана. Құлаған ағаштардан сондай-ақ электр сымдары мен газ құбырларына да зақым келген. Табиғаттың шәлкез мінезіне дайын болмаса керек құтқару қызметі есеңгіреп қалды. Демалыс күндері көмек сұрап қоңырау шалғандардың саны 50 мыңнан асып жығылған.

Алтай Рахымбетов, Алматы қалалық табиғатты пайдалану және табиғи ресурстарды реттеу басқармасы бастығы:

- Қар қалаға 43 см, таулы аймаққа 60 см-ге дейін түскен. Ағаштардың сынауынан 95 үй зардап шексе, 250 электр сымдарының үзілуі тіркелген. Сондай-ақ, 85 газ құбыры істен шықты.

1-ші желтоқсан күні Медеу мұз айдынында тойлануы тиіс Тұңғыш президент күні де ауа райының қолайсыздығынан болмай қалды. Ал жарты метрге жетердей болып жауған қар қала көшелерімен көліктердің қозғалуына кедергі келтірді. Ірі тас жолдардағы жағдай тіптен сорақы. Алматы-Көкпек-Қоғас жолында демалыс күндері жиырмаға жуық жеңіл көлік пен 4 жүк көлігі тығылып қалған. Жаркенттен Алматыға 30 жолаушыны мінгізіп алып шыққан автобус та діттеген жеріне жете алмады.

- Машина тығылып қалған, доңғалағына шынжыр байлап алған, шыға алмай жатыр. 

Күн бұлттанғаннан бастап қар күреуге сақадай-сай дайын отырдық  дегендер  апаттың алдын алуға 753 техника мен 800-ден астам жұмысшы жұмылдырыпты.

Кеше жауған қар қала басшылығының биылғы қысқа дайындығын бір пысықтап алды десе де болады. Жапалақтап жауған ақ ұлпа 3 күннің ішінде төтенше жағдай қызметкерлерінен бастап коммуналдық шаруашылық мекемелеріне дейін есеңгіретіп тастады. Алматы бүгін ғана қозғалыс жанданды деуге келеді, онда да қар тазалаумен айналысатын мекемелердің шапшаңдығынан емес, күн райының күрт жылынып кетуінен. Десе де, әкімдіктегілер жақын күндері үзілген сымдарды жалғап, қираған ағаштарды жинап, қаланы қалпына келтіреміз деп әуде беріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.