{metadescription}
0:000:00
Реал “Сантьяго Бернабеуде” голландиялық Аяксты қапы қалдырды

Реал “Сантьяго Бернабеуде” голландиялық Аяксты қапы қалдырды

Футболдан чемпиондар лигасының соңғы айналымында “Реал” “Сантьяго Бернабеуде” голландиялық “Аяксты” қабылдады. Корольдік клуб келесі кезеңге жолдама алып қойған.

Десе де испандықтар өз жанкүйерлеріне нағыз футбол мерекесін сыйлады. Алғашқы минуттан ойын тізгінін уысынан шығармаған алаң иелері небары 13-ші минутта Криштиану Роналдудың көмегімен алға шықты. Мұнымен тоқтамаған мадридтіктер есепті еселеп кетті. Гол авторы Хосе Кальехон. Үзілістен кейін бразилиялық легионер Кака мергендігімен көзге түсті. Тек осыдан кейін ғана намысқа тырысқан қонақтар Дерк Бурригтердің голымен жауап қайырды. Ал кездесу аяқталуға санаулы минуттар қалғанда Хосе Кальехон қорытынды есепті орнатты. Осы топтағы өзге кездесуде Дормундтық “Боруссия” “Манчестер Ситиден” 1:0 есебімен басым түсті.

8 желтоқсан күні Лас-Вегаста бокс сүйер қауым асыға күтіп жүрген үлкен спорт кеші өтеді.  Бокс кешіндегі  орталық матч, филиппиндік Мэнни Пакьяо мен мексикалық Хуан Мануэль Маркес  арасындағы жекпе-жек болып отыр. Бір-біріне көптен бері тіс қайрап жүрген боксшылар  осымен өзара төртінші рет бәсекеге түспек.

Сейсенбі күні бітіспес қарсыластар бокс кеші өтетін  әйгілі  MGM Grand қонақ үйіне келіп жайғасты. Өзара жекпе-жекке тоймай жүрген боксшыларды күтіп алуға шыққандар аз болған жоқ.  Мұның алдындағы үш кездесудің екеуінде төрешілер шешімімен  жеңіс  филиппиндік  жігітке берілсе, тағы бір матчта таразы басы тең түскен.   Бірақ   әр жекпе-жектен кейін өзінің жеңілмегенін мәлімдеуден жалықпаған  Мануэль Маркес,  бар кінәні әділ-қазылар алқасына  артумен келеді. Екі боксшы арасындағы ұзаққа созылған тайталасқа  бәлкім,  8 желтоқсанда өтетін төртінші жекпе-жек нүкте қояр. Неде болса әліптің артын бағайық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде