{metadescription}
0:000:00
«Тамашаға» - 34 жыл!

«Тамашаға» - 34 жыл!

«Тамашаға» - 34 жыл! Биыл қазақ әзіл өнерінің қара шаңырағы болған театр әдеттегісінше мерейлі мерекесін қалжың сүйер қауыммен бірге өткізбек. Және «КТК» телеарнасымен шығармашылық бірлестік орнатып отыр. Демек, бұдан былай «Тамашаның» телекөрсетілімін біздің эфирден тамашалауға болады. Бірлестіктің басы ретінде желтоқсанның 8-күні Республика сарайында театрдың жаңа жылдық концертін өткізумен басталмақ.

Риясыз күлкі, шынайы талант-бұл 78-ші жылдан бастап «Тамашаның» қалжын сүйер қауымға ұсынып келе жатқан тартуы. Содан бері жұрт жылына екі, не үш мәрте театрдың қойылымын күтіп, телекөрсетілімін теледидардан тапжылмай қарауды әдетке айналдырған.

Тоқсын, Уәйіс, Мейірман, кейін Құдайберген кетті бұл ұжымнан. Бірақ өкшелеген шәкірттері саңлақтардың ізі өшірген жоқ.

Асылбек Боранбай, «Тамаша» әзіл-сықақ театрының Бас режиссері:

- Сол баяғы Уәйіс, Құдайберген ағамыз бастап кеткен «Тамашаны», Тоқсын, Мейірман ағаларымыз аманаттап кеткен «Тамашаны» жалғастырып келеміз. Бар күшімізді, бір адамдай салып жатырмыз. 

90-шы жылдың тоқырауында «Тамаша» тарамады. Керісінше, тарылып тұрған көңілді көтерді. Бөлек отау тігіп, бірнеше театрдың тууына да жол ашты сол кезде.

Бұдан өзге «Тамашаның» тамырынан тарап, бүгінде оншақты театр әзіл сахнасына шықты. Десе де қойнынан бастап, қоншына дейін қытықтап, көрерменін күлдірге алғашқы отауға жетер емес ешбірі.

Қадірбек Демесін, актер:

- Туғалы бері «Тамашадамын». Мына жасымда миллион беремін десе басқа жаққа кетпеймін. Бұл өнер ғой, осыны ұмытпау керек. 

Қазір тамашалықтар кезекті кешке дайындық үстінде. Қойылымы мен көріністерін пысықтап жатыр бірнеше айдан бері.
Сонымен, алдағы сенбіде Республика сарайында «Тамашаның» жаңа жылдық концерті өтпек. Тағы бір жаңалығы - телекөрсетілімін биылдан бастап «КТК» эфирінен шығатын болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде