{metadescription}
0:000:00
«КТК» бүлдіршіндерге арналған қазақ тіліндегі бағдарламаның тұсауын кесті

«КТК» бүлдіршіндерге арналған қазақ тіліндегі бағдарламаның тұсауын кесті

КТК тағы бір су жаңа бағдарламасының тұсауын кесті! Бұл жолғы жоба арнамыздың ең кішкентай көрермендеріне арналады. Көгілдір экранға енді ғана жол тартқан «Баланың ісі - шала» бағдарламасы. Шығармашылық топ, аталмыш туынды міндетті түрде өз аудиториясын табады деген үмітте.

«Бала, баланың ісі - шала». Басталғаннан-ақ, күлкіге қарық қылатын арнамыздағы бірден-бір жоба. Әрине, туынды бүлдіршіндерге арналғандықтан, басты рөлдерді де кішкентай ғана актерлар сомдайды. Іріктелген 6 мен 13 жас аралығындағы 10 кейіпкер бар екен тұрақты. Әрбір 2 минуттық қойылымға қарап, балаларды кино әлемінің қас шебері ма дерсіз!

Жандос Дүйсенбаев, режиссер:

- Тәрбиелік мән беруге тырысамыз. Қалжыңмен болсын, баланың қылығы дейді ғой. Бала тілі бал дейді. Соны баланың тілімен, қылықтарымен күлкілі, қызықты қылып тәрбие берейік деген ой.

Қалжың аралас шындықты, өз көрерменіне жеткізу үшін шығармашылық топ көп тер төгеді. Тәрбиелік мәні зор сатира жазу, оны бүлдіршіндердің икеміне келтіру де оңай емес. Әсіресе, былдырлаған бала тіліне салғанда. Бұны кинода біраз төселіп қалған жауапты мамандар да жоққа шығармайды.

Ақбота Керімбекова, әнші:

- Жаңадан ашылып жатқан кішкентай ғана бағдарламаға өз басым қуаныштымын! Өйткені, қазақ балаларымыз, қазақ бүлдіршіндеріміз күлкілі жағдайды неге көрмеске, неге көбірек түсірмеске? Бұл жайт мен үшін өте қуанышты.

Бұған дейін кішігірім образдармен көзге түсіп жүрген Ақбота Керімбекова бүгін де қалыс қалмады. Жаңа балалар бағдарламасын әнші ана, актриса ретінде де қолдап отыр. Айтуынша, шетелдің дөрекі, атыс-шабысқа толы мультфильміне қарағанда қазақ бағдарламасының астары мол. Ал әрбір образды шынайы сомдай білетін сәбилер еңбектеріне дән риза.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде