ТМД-ға мүше елдер «лаңкестікке» қарсы бірігіп тойтарыс бермек
Автор: Ербол Сейілхан
05.12.2012
Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмге қарсы бірігіп тойтарыс бермек. Лаңкестік топтардың еркінсуіне жол бермеу туралы келісімге бүгін Ашхабадта қол жеткізілді.
ТМД мемлекеттері президенттерінің кезекті саммиті бұл жолы Түркменстан астанасында өтіп жатыр. Көрші ел оған тыңғылықты әзірленіпті. Мәртебелі меймандардың келуіне орай мол қаржы жұмсап астаналарын адам танымастай етіп аббаттандырған. Түркмен басшысының бұған дейін осындай алқалы жиындарға қатыспай қалатыны былай тұрсын, интеграциялық бастамаларға да қырын қарап келген еді. Бірақ саяси бағытын өзгерткенге ұқсайды. Сөйтіп 11 елдің президенттерін Ашхабадқа жинады. Саммитке Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та арнайы келді. Алдымен әріптесі Құрбанғұлы Бердімұхамедовпен кездесіп, екі жақты байланыстардың келешегін сөз етті. Кейін кеңейтілген құрамда президенттер аймақтағы қауіпсіздік пен лаңкестікке қарсы күрес шараларын нақтылады. Экономикалық байланыстардың дамуы да назардан тыс қалған жоқ. Ал саммит қортындысында өзара ынтымақтастыққа серпін беретін бірнеше құжатқа қол қойылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!