ШҚО-да жасыл желекті орманшылардың өздері отаған
Автор: Әсем Қайратбек
05.12.2012
Орманды қорғаудың орнына, ондағы шыршаларды кесіп сатқан. Шығыс Қазақстандағы Кіші Үбі мемлекеттік орман қорығының қызметкерлері браконьерлермен сыбайласып, жасыл желекті жайбарақат отап келіпті.
Олар санитарлық ағаш кесу, яғни қартайған, шіріген бұталардың көзін жою науқаны жүріп жатыр деген кейіппен заңсыз әрекеттерін екі апта бойы жүзеге асырған. Осы уақыт ішінде құлатып, сатуға дайындалған ағаштың көлемі 850 текше метр. Келтірілген залалдың көлемі 9 млн теңгеге жуық. Қазір орманды отап тастаған қорықшыларға қатысты қылмыстық істер қозғалып, Кіші Үбі орман шаруашылығы мекемесінің басшылығына қатысты да тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары