Шымкент тұрғыны самса ішінен қоңыз тауып алды
Автор: Бекжігіт Мәуленов
05.12.2012
Шымкент тұрғыны наубайханадан сатып алған самсаның ішінен қоңыз тауып алды. Ал самсахана иесі бұл мәселеге өзінің жоғары жақтағы «қамқоршыларын» араластырмақ болды.
-Ал, не істемексіз. Ойыңыз не ? Неменеге мұны алып келіп, түсіріп тұрсыз!? Не үшін? Менде адам жоқ деп тұрсыз ба?
Қалада адам аяғы көп жүретін аумақтағы дүңгіршектердің бірінен сатып алынған самсаның ішінен ұзындығы екі сантиметрдей келетін қоңыз шыққан. «Тосын сыйы» бар дәмді сатып алған азамат санитарлық қадағалау мекемесіне де арызданған. Алайда, шағын кәсіпкерлікті тексеруге салынған мараторийден қолдары қысқа болып отырған санитар мамандар еш әрекет ете алмайтынын алға тартыпты. Ал самсаның лас және антисанитарлық жағдайда дайындалатынына қарамастан самсахана иесі өз айыбын мойындайтын емес.
Самсахана иесі:
- Шыбын шыққанын ол көрген жоқ. Пісіп кетеді ол самсаның ішінде! Тандырда жарты сағат көбірек тұрса. Жоқ қой. Ол піспеген. Тірі шыбынды шығарып тұр ғой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!