Атышулы «Бесоба» кешені тұрған жер - құрылысқа мүлдем қолайсыз екені анықталды
Автор: Олжас Байжан
05.12.2012
Қарағандыдағы «Бесоба» кешеніндегі апаттың жаңа тұстары ашылуда. Тәуелсіз сарапшылар жүргізген зерттеу барысында құлаған көпқабатты үйдің іргетасы мүлде жоқ, тіпті ғимарат тұрған жер құрылысқа қолайсыз екені анықталған.
Құмар Мұсаев, Тәуелсіз құрылыс аудиторы:
- Қирандыларды тексеру барысында үйдің іргетасы жоқтығы бізді таңқалдырды. Басқа үйлерге де бас сұққанымызда бағаналар тігінен емес, қиғаш орналасқаны және техникалық талаптарға сай өзара бекітілмегені анықталып отыр.
Ең сорақысы, ел аумағында өз жұмысына атүсті қараған құрылыс компанияларында да осындай олқылықтар табылыпты. Бірақ көп жағдайда өз жұмысына атүсті қараған мердігер мен құрылыс компаниясының басшылығы осы уақытта қашып, шекара асып үлгерген. Сондықтан оларға қатысты талаптарды күшейтіп, нысандарды тексеру жұмысы қолға алынбақ. Бірақ оған қажетті мамандар елімізде жеткіліксіз болып отыр. Мәселен, бір адамның мойнына кемінде 5 құрылыс нысанын тексеру жүктелген. Сонымен қатар құзырлы орындар тек белгіленген жоспар негізінде бас сұғатын болғандықтан, олқылықтардың басым бөлігі маусым сайын ғана жойылуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!