{metadescription}
0:000:00
Бір жыл бойы айып тұрағында тұрған қырғыз нөмірлі көлік иелері бас көтерді

Бір жыл бойы айып тұрағында тұрған қырғыз нөмірлі көлік иелері бас көтерді

Алматыда қырғыз нөмірлі көліктері айып тұрағына тоғытылған азаматтар шу көтерді. Жылға жуық темір тұлпарларына жете алмай жүргендер жол сақшыларының әрекетіне наразы. Әкімшілік хаттама дұрыс толтырылмай, көліктер айып тұрағына заңсыз жөнелтілді дейді олар. Дегенмен тәртіп сақшылары бұл көліктер елімізге контрабандалық жолмен жеткізілген деп отыр. Қазір тіпті оларға қатысты қылмыстық іс те қозғалып жатыр екен. 

Қырғыз нөмірлі көліктердің жыры жалғасуда. Айыр қалпақты ағайыннан жеткізілген темір тұлпар иелері бүгін тағы да бас көтерді. Жылдың басында айып тұрағына тоғытылған көліктердің мәселесі әлі күнге шешілмеген. Әр есікті қағып шаршадық дейді олар. Қалалық прокуратура да әділдік сұрай келгендерді құшақ жая қарсы алмады. Шағымданушылардың қолына бір жапырақ қағаз ұстатып кері қайтарды.

Жүнісбай Дәуірхан:

- Менде мынандай қағаздың 10-ын көрсетем. Осындай қылып прокуратурадан, жол полициясынан жазып береді. Күнде ертең,күнде бүрсікүні, күнде 10 күннен кейін…

Көлігімізді кепілге алған жол сақшыларының өзі заңды өрескел бұзып отыр дейді жиналғандар. Оны прокуратурадағылар да жоққа шығармады. Полицейлер әкімшілік хаттаманы дұрыс толтырмаған. Ал көліктерді айып тұрағына алып кетуге тіптен құқықтары жоқ көрінеді. Осыны біле тұра құзырлы органның әрекетсіз отырғанына ызаланғандар көліктерін күштеп алып кетуге тырысты. 

Ал ішкі істер департаментіндегілер кінә жол сақшыларында емес, шулап жүрген жұрттың өзінде дейді. Рөлі оң жақтағы көліктерді Қазақстан аумағына кіргізуге тыйым салынғанын біле тұра, контрабандалық жолмен жеткізген. Осы дерек бойынша қазір қылмыстық іс те қозғалып жатыр екен. Қазір қаламыздағы айыптұрақтарда екі жүзге жуық қызыл сары нөмірлі көлік қаңтарулы тұр. Оның кейбірі бөлшектеніп саудаға түсіп кетті дейді бүгін наразылық білдірген топ.

Илья Мареев:

- Мынау менің - көлігім. Доңғалағын шешіп кетіпті. Күзетшіге айтсам, көлігіңді тұраққа әкелген біз емес, басты қатырма деп жуытпайды. 6 ай болды алып кеткендеріне. Содан бері тұщымды жауап ала алмай жүрмін.

Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс айтып жатқанын енді прокуратура анықтайтын болады. Олар жол полициясына арнайы хат та жолдапты. Оның жауабы 10 күннен кейін белгілі болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде