{metadescription}
0:000:00
Храпуновтар 300 млн долларды қалай жинағандарын прокуратураға түсіндіруі тиіс

Храпуновтар 300 млн долларды қалай жинағандарын прокуратураға түсіндіруі тиіс

Швейцарияның ақпарат құралдары Храпуновтар әулетінің ұрлығы жайлы ақпаратты жарыса жариялауда. Алматыны басқарып тұрғанда, тау бөктеріндегі жерлерді гектарлап сатқан экс-әкім қызметінен түскесін тықыр таянғанын сезіп, осы елге бой тасалаған болатын.

Қазір Женева прокуратурасы Храпуновқа және оның ұлы мен әйеліне қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Әдетте ұры кеткесін қимылдай бастайтын Қазақстанның құзырлы орындары бұл жолы қашқын шенеунікке Интерпол арқылы іздеу салып, Швейцария тарапына сұрау салған екен. Тергеу шарасының басталуына сол түрткі болыпты. Енді құлқыны кең Храпуновтар Швейцария банктерінде жатқан 300 млн франкті қалай жинағандарын прокуратураға тәтпіштеп түсіндіріп беруі тиіс. Дегенмен Храпунов мырза ресми билік өкілдерімен тілдесуден бас тартқан. Бұған дейін прокуратура қашқын шенеунік пен отбасы мүшелерінің банктегі есеп-шоттарын жапқанын айта кетейік. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде