{metadescription}
0:000:00
Қайтыс болған хоккейшілердің ата-аналары қайғылы оқиғаға жергілікті шенділерді кінәлауда

Қайтыс болған хоккейшілердің ата-аналары қайғылы оқиғаға жергілікті шенділерді кінәлауда

Семейде жол апатынан қайтыс болған жас хоккейшілердің ата-аналары қайғылы оқиғаға жергілікті шенділерді кінәлауда. Айтуларынша, қаладағы хоккей алаңын ұстап тұру былай тұрсын, балаларды жарысқа тасымалдау үшін де билік тарапынан ешқандай қолдау көрсетілмейді. Оған кететін барлық шығынды ата-аналардың өздері көтеріп жүр. Естеріңізге сала кетейік, жарысқа бара жатқан жас өрендер кеше Өскеменге таяу тұста жол апатына ұшырып, екеуі қаза тапқан болатын. Тағы екі бала қазір ауруханада жатыр.

Бұл фотосуретте Семейдің жас хоккейшілері кезекті жеңісін тойлауда. Бірнеше республикалық жарыстарда жүлделі орын иеленіп жүрген бүлдіршіндер осы жолы да алтын медальсіз оралмаймыз деп бел буған. Алайда, жол апаты барлық жоспарды бұзды. Көлік қақтығысынан кейін команда қақпашысы Әлішер Оразғалиев пен ойыншы Тимур Ахметов оқиға орнында жан тәсілім етті.

Владимир Мигов, спорт ардагері:

- Қайғылы апатқа шенеуніктердің кінәлі екенін толық сеніммен айтамыз! Неге ата-аналар әрбір жарысқа бару үшін өздері ақша жинауы керек?! Мүлдем көңіл бөлмейді билік! Жауаптыларды жұмыстан қуу керек!

Облыстық спорт басқармасының өкілдері кінәні ата-аналардың өзіне артып ақталған болатын. Балаларды жеке көлікпен апару солардың бастамасы деп. Расында да 7 жыл бойы жол шығынын ата-аналардың өздері өтеуге мәжбүр болған.

Айбек Жетпісбаев, «Локомотив-Семей» командасының ойыншысы:

- Жыл сайын қалааралық автобустармен немесе пойызбен баратынбыз жарысқа. Хоккейді жақсы көргендіктен ата-анамыз еріксіз қалтасынан ақша шығарады.

Мұз айдынын ұстап тұру да ата-аналардың мойнында екен.  Олар балаларымен қосыла, қалың қарды аршуда.

Камиль Хусаинов, Семей қаласының тұрғыны:

- Мұз айдынын құю үшін арнайы кесте жасалған. Ата-аналар кезегімен жұмыс істейді. Ал қарды барлығымыз жұмыла тазалаймыз.

Екі бірдей жас дарынның өмірін жалмаған апат үшін Тойота көлігін тізгіндеген жүргізуші жауап арқалауы мүмкін. Бастапқыда айтылғандай рөлде марқұм болған қақпашы -Әлішердің әкесі емес, жалдамалы жүргізуші болған.

Апаттан кейін жансақтау бөліміне түскен қос ойыншы қазірде естерін жиған. Жағдайлары “тәуір” деп сендірді дәрігерлер. Бірақ үлкен спортқа оралулары екіталай. Енді босап қалған 4 орынды жаңа хоккейшілер басады. Олар осы қайғылы оқиғадан кейінгі алғашқы жеңістерін көз жұмған құрдастарымызға арнаймыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.