Алматы облысында көпқабатты үйде газ жарылып, 5 адам жараланды
Автор: Олжас Байжан
05.12.2012
Алматы облысында көпқабатты үйде газ жарылып, 5 адам жараланды. Жүзден астам тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Алдын-ала болжам бойынша Қаскеленде орын алған төтенше жағдай бөлмеге көгілдір отынның жиналып, кейін тұтануынан болған.
Қазіргі уақытта тек тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде жарылыстың болғаны белгілі болып отыр. Зардап шеккендер де осы пәтердің қожайындары екен. Олардың үшеуі жергілікті ауруханаға жеткізілген. Ал жарылыс салдарынан үйдегі бөлмеаралық қабырғалар және есік-терезелер толығымен опырылып қалды. Қауіпсіз аймаққа шығарылған тұрғындар қазір уақытша қонақүйге жайғастырылған. Жарылыс кімнің кінәсінен болғаны және материалдық шығын көлемі нақтылануда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!