{metadescription}
0:000:00
Бүгін сот Арқанкерген ісі бойынша Челахтан жауап алды

Бүгін сот Арқанкерген ісі бойынша Челахтан жауап алды

Бүгін Арқанкерген ісі бойынша Челахтан жауап алу басталды. Бірақ 15 адамды қырып салды деген қарағандылық сарбаз тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып отыр. Ал бұған дейін мойындау себептерін тергеушілер қинады, қыстады деп түсіндірді. Бүгінгі жауабын Челах сотқа алдын ала қағазға тізіп, дайындап келген екен. Сонысын оқып берді де, әдетінше залдан кетем деп айқайына басты. Прокурорлардың да, судьяның да сұрақтарын құлағына ілген жоқ.

Владислав Челах бүгін сот алдына келіп ақырғы жауабын айтады деген ақпар кеше кешқұрым жеткен еді. Содан болар таңнан бері Талдықорғандағы әскери сотта әдеттегіден жанданған қозғалыс. Өткен жұмада бірінен соң бірі Алматыға алды-артына қарамай тартып кеткен Челахтың қос қорғаушысы да бүгін аяқасты аптығып жетіпті.

Бірақ әдеттегідей Владислав Челах таңертеңгі процеске қатыспаймын деп қиғылық салды. Алайда түсауа бірнеше бетке басылған жауабын әкеліп сот алдында оқып шықты. Бұған дейін айтқандай ешкім оған тиісіп, ұрып-соғып, кемсітіп ызасын келтірмеген екен әскерде.

Владислав Челах, айыпталушы:

- Шекарашыларды өлтіргенім жоқ. Оқиғаның қалай өрбігенін алғашқы тергеуде-ақ айтып бергем. Әріптестеріммен ешқандай түсініспеушілік болған емес. Ұлттық мәселеде де, басқасында да.

Айтуынша, 28 мамыр күні таңғы 4-тен 8-ге дейін шекара бекетінде қарауыл болған. Алайда таңғы 5-тер шамасында бекет жақтан Қамбар Ағанас жүгіріп шыққанын көрдім дейді. «Бізге шабуыл жасалды қашайық» деп дауыстапты. Және сол сәтте Арқанкерген шекара бекетінің айналасынан әскери емес, спорттық киімдегі бірнеше адамды көргенін де айтты Челах. Қатты қорыққан соң тауға қарай қашып, тек кешқұрым түстім дейді. Тек шашылып жатқан өлі денелерді көргенде ақырында өзімді айыпты қыла ма деп, тамақ пен тапаншаны алған соң заставаны өртеп жібергенін мойындап отыр. 

Владислав Челах, айыпталушы:

- Ешкім маған сенбейтінін білдім де, заставаға от қойдым. Сарбаздармен бірге мені де өлдіге санасын деп.

Ал алдымен құрықталған кезде барлығын өзім өлтірдім деп мойындағаның қалай деген сұраққа, алдын ала тергеу барысында оны қорқытып қылмысты мойнына алмасаң жағдайың қиын болады деп қинағанын алға тартты.

Владислав Челах, айыпталушы:

- Қылмысты өз мойныма алған алғашқы жауабымнан бас тарттым. Өйткені мені алдады, қинады. Жауапты мәжбүрлеп жаздырған Алакөл аудандық Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Бекбаев.

Ақыр аяғында Челах мемлекеттік айыптаушыларды да, судьяны да қылмыскерлер деп салды. Ақиқатты ашуға құлықсыз, жарты жылдан бері мені темір торға тоғыту үшін қарекет қылып жатыр барлығы дейді. Шындыққы білгісі келген жәбірленушілерге де жауап беруден бас тартты Челах. АқырыЧелахты сот залынан қолын қайырып алып кетті.

Дінге көнбей жәбірленушілердің де сұрақтарын жауаптамай кеткен Челахтың қылығы қытықтарына тиді ме, сот залындағы жандар айыпталушыдан дереу моральдық шығын өндіріп беруді талап етті. Яки марқұм Әли Мақсұтов пен Бекзат Әмірғалиевтің туыстары 20 млн-нан, ал  Қамбар Ағанастың туыстары 25 млн теңгені сотты да жәбірленушілерді де сыйламай кеткен Челахтан өндіріп беруді сұрады судьядан. Қазір қара кешке дейін қылмыстық іс пен заттай айғақтарды қарау жалғасуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде