Алматыда Құрлық кубогы үшін жарыстың бірінші кезеңі өтеді
Автор: Төлеген Жұмабек, Елдос Сапарғали
06.12.2012
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар белгілі. Соңғылардың бірі болып мұндай мүмкіндікке туриндік “Ювентус” қол жеткізді. Донецкте жергілікті “Шахтермен” кездескен италиялықтар лайықты ойын көрсетті.
Алғашқы таймда алма кезек шабуылдағанымен есеп ашылмады. “Кеншілердің” бразилиялық легионері Виллиан бірнеше ұрымтал тұстан өз мүмкіндігін құр жіберді. Үзілістек кейін ширақ қимылдаған “Ювентус” жеңіс голын соқты. Оң қапталдан Стефан Лихштайнер пас шығарған долатын. Қақпа алдындағы қарбаласта Александр Кучер абайсызда ала допты өз қақпасында тулатты. Қалған уақытта украиналықтар қанша тырысқанымен есеп өзгеріссіз қалды. Ал осы квартеттегі өзге матчта “Челси” өз алаңында “Нордшелланы” 6:1 есебімен тас талқан етті. Бірақ лондондық клуб енді еуропа лигасын қанағат тұтпақ. Ал бүгін түнде сіздер біздің арнадан Еуропа лигасы аясында “Леванте” мен “Ганновер” арасындағы матчты тамашалай аласыздар. Бұл кездесу Астан уақыты бойынша түні сағат 2:05-те басталады.
Қысқы Азия ойындарына арналып салынған спорттық кешендердің кейбірі қаңтарылып тұрғаны шындық. Олардың арасында пайдаға асып жатқандарының бірі Алматыдағы шаңғымен тұғырдан секіру кешені. Қанатты шаңғышылар сынға түсетін «Сұңқар» трамплиндер кешені, алдағы демалыс күндері кезекті халықаралық доданы қабылдауға дайындалып жатыр. Бұл жолы Алматы төрінде Құрлық кубогы үшін жарыстың бірінші кезеңі өтеді.
Спорттық шараның ұйымдастыру комитеті адағы сайыстарға орай бүгін арнайы баспасөз-мәслихатын өткізді. Алматыдағы сайыста өнер көрсетуге 15 елдің спортшылары ынта білдіріпті. Олардың арасында спорттың осы түрі жақсы дамыған Аустрия, Германия, Польша, Чехия және Норвегияның өкілдері бар. Мысалы, әлем кубогы жолындағы бәсекелер де оза шауып бәйге алып жүрген Германия құрамасының ардагері Мартин Шмидт, аустриялық шебер Давид Заунер, чехиялық майталмандар Мартин Гики мен Антон Хайек Алматыдағы кезеңнің көрігін қыздыратын болады. Жарыс қожайыны ретінде Қазақстан үлкен додаға сегіз спортшы қосқалы отыр. Олардың бәрі жастар. Континенттік жарыстың нәтижесі бойынша алғашқы отыздыққа табан тіреген сайыскерлер, Әлем кубогы жолындағы додаларда бақ сынауға мүмкіндік алады.
Ертең Аустрияның Хохфильценінде биатлоншылар Әлем кубогы жолындағы жарысты одан әрі жалғастырады. Эстерсундтен бастау алған жаңа маусымды сәтсіз бастаған Қазақстан құрамасы Хохфильценде жағдайды едәуір жақсартуға күш салуға дайын.
Алдымен осы жылы Әлем және IBU кубогы үшін сынға түсетін бас команда құрамымен таныс болыңыздар. Ерлер додасында ел намысын Сергей Наумик, Диас Кенешов, Александр Трифонов, Ян Савицкий және Александр Червяков сынды биатлоншылар қорғайды. Ал әйелдер құрамасы сапында Марина Лебедева, Дарья Усанова, Алина Райкова және олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері Елена Хрусталева өнер көрсетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!