{metadescription}
0:000:00
Астана EXPO көрмесі нысандарын тұрғызуға бос жер таппай қалуы мүмкін

Астана EXPO көрмесі нысандарын тұрғызуға бос жер таппай қалуы мүмкін

Астана «ЭКСПО» көрмесінің нысандарын тұрғызу үшін жер таппай қалуы мүмкін. Осыған орай бүгін мемлекет басшысы «Елорда маңайынан жер телімін сатуды доғарыңдар» деді. Ақордада арнайы кеңес өткізген Нұрсұлтан Назарбаев көрмеге әзірлікті қазірден бастауға пәрмен берді.

Ал ауыр жүк Астана қаласының әкімдігіне артылайын деп тұр. Алдымен Елорданың басты жоспарына түзету енгізіледі. Бірақ ЭКСПО  көрмесіне қажетті нысандардың құрылысын бастау үлкен проблемаға айналатын түрі бар. Себебі кейбір пысықайлар қазірдің өзінде жерлерге ауыз сала бастаған. Бұған қатты шамданған Президент бұл бассыздықты тоқтату керек деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

Астанада түрлі сылтаумен жерді басып алу үйреншікті құбылысқа айналған. Әсіресе ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланамыз деп иемденіп алады да білгенін істейді. Тәртіпке келтіріңдер.

Ал көрме өтуі тиіс Астанадағы аумақ әзірше қар басқан қу дала. Бірақ бес жылдың ішінде осындай керемет қалашыққа айналуы тиіс. Көрмеге 160 мемлекеттен 5 млн-ға жуық адам келетінін ескерсек, қауіпсіздікке де баса мән берілмек. Сол себепті шаһар жаппай бейнебақылауға алынбақ.

Сонымен қатар меймандарды таңқалдыру үшін Елордаға кіре-беріс жолдарда  киіз үйлер тігіліп, этно-ауылдар бой түземекші. Ал халықаралық көрмені өткізу үшін бюджеттен бөлінетін қыруар қаржының әр тиынына дейін тиімді жұмсалуын қадағалау - Премьер-министрге тапсырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде