Жезқазғанда киік атқан браконьерлер құрықталды
Жезқазғанда 13 бөкенді баудай түсірген аңшы қолға түсті. Заңсыз саятшылықтан олжалы келе жатқан оның өзі тәртіп сақшыларының қолын түсіп қалған. Ұлытау-Сәтбаев тас жолында келе жатқан жол талғамайтын көлік тоқтатылып тексерілгенде тәртіп сақшылары жағаларын ұстады. Көліктің жүксалғышында бастары кесіліп, терісі сыпырылған 13 киіктің денелері табылған. Сонымен қатар 28 жастағы аңшының басқаруындағы көлік ішінен оқ-дәріге толы мылтық тәркіленді. Ал «Қызыл кітапқа» енген жануарларды қырып салған қаскөйге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Автор: Саят Сабдалы
06.12.2012
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!