Тараздық жеткіншек иығынан қаққағы үшін 23 жастағы азаматты басынан атты
Автор: Руслан Әбдіхалық
06.12.2012
Тараздағы дәмханада болған атыста көзіне оқ тиген жігіт өлім аузынан қалды. Жастардың теке-тіресі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Көңіл көтеріп жүрген екі жас дәліздегі жолды бөлісе алмай, иықтарымен қақтығысып қалса керек. Бір-біріне жол беруді намыс көрген жігіттердің бірі екіншісін ойланбастан қалтасынан тапанша шығарып, басынан атып жіберген. Көп ұзамай қару қолданған 19 жастағы бұзақы қамауға алынды. Дегенмен ол қылмысты мойындағысы жоқ. Ал жарақат алған 23 жастағы жігіт жансақтау бөлімінде жатыр. Көзін оқ тесіп өтіп, бас сүйгіне қатты зақым келіпті. Дәрігерлер науқастың жағдайын ауыр деп бағалауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!