{metadescription}
0:000:00
ОҚО-да туберкулезге қарсы диспансердің емделушілері наразылық білдірді

ОҚО-да туберкулезге қарсы диспансердің емделушілері наразылық білдірді

Оңтүстік Қазақстанда облыстық туберкулезге қарсы диспансердің емделушілері наразылық білдірді. Олар ауруханадағы астың құнарсыздығы мен ем-домға көңілдері толмайтынын айтады. Мекеме басшылығы болса диспансерде дәрі-дәрмек жеткілікті, тамақ та бекітілген мәзірмен беріледі деп отыр. Ал науқастарды басшылыққа қарсы айдап салған бұрын сотты болған емделушілер екен.

Оңтүстік Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансерде бүгінде 328 науқас ем қабылдауда. Олардың арасында жылдап өкпе құртынан айыға алмай жүргендері де бар. Соның бір бөлігі дәрігерлерге «базына» айтып шықты бүгін.

Диспансер дәлізіндегідәрігерлер мен науқастар арасындағы дау біразға созылды. Ем қабылдаушылардың шымбайна батқаны – дене қызуын түсіретін қарапайым дәрінің жоқтығы.

Алмагүл Белгібаева, емделуші:

- «Бәрі жақсы, дәрі жеткілікті», дейді де температура шықса парацетамол деген жоқ дейді. 38-40-қа барса «парацетамол жоқ, анальгин жоқ», дейді де шығарып салады.

Науқастарды ашындырып отырған тағы бір мәселе - ас мәзірі. Мұнда әр сырқаттың күн сайын бес мезгіл тамақтануына 550-600 теңгедей қаржы жұмсалады екен. Бірақ «тағам құнарсыз» дейді емделушілер.

Қайтар Мұсабеков, емделуші:

- 17 таблеткадан ішеміз. Мына ішіп жатқан тамағымыздың түрі мынау. Ешқандай қуаттылығы жоқ, құнарлығы жоқ тамақтарды береді.

Аурухана басшылығының бұл айтылғандарға өз уәжі бар. «Әлеуметтік ауру» аталатын туберкулезден айығу үшін уыстап дәрі ішкендіктен емделушілердің дәм сезу қабілеті бұзылады екен. Қала берді ондай науқастарға парацетамол секілді дәрмек кері әсерін тигізетін көрінеді. Ал науқастарды наразылыққа үгіттеген осында ем қабылдап жатқан бұрын сотты болған азаматтар дейді.

Салтанат Сақыбаева, ОҚО туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері:

– Бізде ем қабылдап жатқандардың арасында бұрынғы сотты болғандар да бар. Негізінен аурухана тәртібін жиі бұзатын да солар. Ондай азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін құжаттарды рәсімдей бастасақ өзге науқастарды үркітіп, үгіттеп наразылық шарасын ұйымдастырады.

Науқастардың ызасын тудырған тағы бір мәселе-ауруханадағы палаталардың жәйі. Арнайы орынның жоқтығынан олар аурухананың салқын бөлмелерінде жуынуға мәжбүр. Ал мекемеге күрделі жөндеу келер жылы жүргізіледі екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде