{metadescription}
0:000:00
Жоғарғы соттың экс-судьяларына қатысты шешім өзгерді

Жоғарғы соттың экс-судьяларына қатысты шешім өзгерді

Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы Жоғарғы соттың экс-судьялары Алмаз Тәшенова мен Сайлаубек Жәкішевке қатысты сот шешімдерін толығымен өзгертті. Енді айыпталушылардың ісі басынан бастап қайта қаралуы тиіс.

Естеріңізге салсақ, 1-ші маусымда Ақмола облысының соты Алмаз Тәшенованы 10, ал Сайлаубек Жәкішевті 12 жылға бас бостандықтарын айырған болатын. Оларға қызметтік лауазымдарын асыра пайдаланды, ірі көлемде пара берді және пара алды деген айыптар тағылған. Алайда сот шешіміне келіспеген экс-судьялардың ісі бүгін Қарағандыда қаралды. Апелляциялық алқа бірінші сот шығарған шешімді, процессуалды нормалардың бұзылуы мен дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты негізсіз деп тапқан. Енді аталған істі қай өңірдің соты қайта қарайтынын Жоғарғы сот шешетін болады.

Ерден Әріпов, Қарағанды облыстық сотының судьясы:

- Іс қайта Жоғарғы сотқа жіберілсін. Өйткені айыптаушы жақтың келтірген дәйектері негізін тапқан жоқ. Сондықтан сот ісі басынан бастап қайта қаралсын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде