Сарыбөктер заставасының бастығы – А.Фоминге қатысты іс қайта тергелмек
Автор: Нартай Аралбайұлы
06.12.2012
Бүгін Арқанкергенде 15 адамды қырып салды деп айыпталған Владислав Челахқа қатысты сот тергеуі аяқталды. Жарыссөз ертеңге жоспарланып отыр. Ал Сарыбөктер заставасының бастығына қатысты іс қайта тергеуге жіберілді. Алексей Фомин осы «Арқанкерген» бекетімен байланыстың үзілгенін екі тәулік бойы қасақана жасырды деп айыпталған болатын. Бірақ Фоминнің өзі қанды қылмыс орын алған бекетке ешқашан қатысым болған емес деп отыр. Сондықтан бүгін судья алдағы сейсенбіге дейін үзіліс жариялап, қорғаушы тарап келтірген дәйектерді жіті тексеруді міндеттеді.
Алексей Фоминнің соңғы сөзіне құлақ салуға оның туыстары да артынып, тартынып жетіпті. Айыпталушының өзі де жарқын жүзбен отырды, аспады- саспады. Алайда сот процесі басталысымен бір том құпия құжаттар қаралды, артынша судья соңғы сөзді тыңдауға әлі ерте қылмыстық істі тергеу барысын жандандырамын деп шешті.
- В своих довыдах о невиновности подсудимого в инкриминируемых ему деяниях сообщили об обстоятельствах, которые ранее суду известны небыли. Суд считает необходимым на основнии статьи 366 уголовно-процессуального кодекса судебное следствие по делу возобновить.
Мұндай шешімге судьяның тоқтауының басты себебі адвокаттардың жарыссөзде айтқан ақпарлары екен. Яки олар Арқанкергеннің ешқашан Сарыбөктер шекара заставасына қарамағанын, қанды қырғын болған бекетті қадағалау басы бүтін Үшаралдағы 2484 әскери бөліміне тиесілі екенін дәлелдеген. Оған қоса Арқанкерген бекетінің жұмысына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Сарыбөктер заставасының командирі тұтқындалып, бекетке басымен жауап беретін шекара отрядының бастықтары бостандыққа кеткені қалай деген еді?! Белгілі болғандай Алексей Фоминмен бірге құрықталған шекара отрядының бірнеше басшысы тек тәртіптік жауапкершілікке тартылып, кейін қызметтерінен қуылыпты. Ол аз болғандай Фоминді айыптаған сот процесіне куәгер ретінде келді олар өткен аптада.
Ғалым Нұрпейісов, А. Фоминнің адвокаты:
- Арқанкергенмен шекара отрядының арасында бірнеше байланыс жолы болған. Бірақ кі жарым тәулік соның ешбірін пайдаланбаған. Сонда ол Арқанкерген үшін жауап бермейтін Сарыбөктер заставасының бастығы Фоминнің кінәсі ма? Біз осыны дәлелдегіміз келген, дегенімізге жеткендейміз.
Алексей Фоминге қатысты сот процесінің көкжиегі көрінгенмен Челахқа қатысты қозғалған қылмыстық істі қарап жатқан сот отырысында баяғыша айыпталушы жоқ, шиыршық атқан адвокат Сәрсенов бүгін Арқанкергенде 18 адамның денесі табылды деген болжамын тағы бастырмалатты. Сөзіне сенсек, Арқанкергеннен үш қапшыққа салынған беймәлім қалдықтар табылған. Сандаған сараптаманың бірі де соған назар аудармапты. Алайда сот қосымша сараптама сұраған Сәрсеновтің талабын қанағаттандырмады.
- Делаю замечания за некорректные высказывания в адрес государственных обвинителей. Путем выражения "ликбез".
Бүгін бұған дейін сот отырысын тыныш тыңдап отырған марқұм Рүстем Ақылбаевтың атасы 30 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеп беруін талап етті. Әдеттегідей Челахтан емес, немересі Отан алдындағы борышын өтеген әскери бөлімнен.
Ахметжан Шудабаев, марқұм Рүстем Ақылбаевтың атасы:
- Мен Челахтан не табамын, ол сотталып кетеді. Шешесі бай, ақша түсіп жатыр, Қазақстандағы - ең бай әйел, ол бермейді. Баласы кәмелеттік жасқа толып кетті. Әскери бөлімнен сұрамағанда кімнен сұраймын баламның құнын?!
Ақсақалдың талабы іске тіркелді. Ал айыпталушы Владислав Челах кеше үшінші қорғаушы ретінде процеске қосылған Жұмағайша Саржанованы істен аластатуды сұраған еді. Бірақ судья оның талабын кері қайтарды, енді екі емес үш бірдей адвокат күш салмақ Челахты ақтау үшін. Ал бүгін қылмыстық істі тергеу барысы қайта жанданған Алексей Фоминге қатысты үзілген процесс алдағы сейсенбіде жалғаспақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!