Шымкентте жалақысын уақтында ала алмаған жігіт жұмыс берушілеріне қарсы оқ атты
Автор: Бекжігіт Мәуленов
06.12.2012
Жалақы бермесең өміріңді жалмаймын! Шымкентте еңбекақыны уақтылы төлемеген жұмыс берушіге ызаланған 42 жастағы азамат бір адамды атып өлтіріп, тағы тоғызын жаралады.
Жәбірленуші:
- Техникаларымды істетіп жатқан кезде біздің бастықтарға біреулер қоқан-лоққы көрсете бастады. Сонымен ата бастады, мен қашып барып, жерден винчестер тауып алдым. Сөйтіп, аспанға бір аттым да, екіншісін ана жаққа аттым. Ары қарай білмеймін.
Оқиға Шымкенттен шыға берістегі Ақтас ауылында орын алған. Қоқыс өңдеу зауытының құрылысына қатысқан жұмысшылар жалақысын уақтылы ала алмапты. Сөйтіп, маңдай терін даулаған қызметкерлер мен жұмыс берушілердің арасында басталған төбелес кезінде оқ атылған. Салдарынан 29 бен 47 жас арасындағы 9 азамат түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ал аяғына оқ тиген 32 жастағы жігіт қансырап, қаза болған. Қазір қару қолданған азамат іздестірілуде.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Қазіргі таңда, «төбелесті бастаған» деген күдікпен іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның тұлғасы анықталды. Ол бұрын бұзақылық қылмысы бойынша сотты болған Шымкент қаласында тұратын 70-сінші жылы туған Ақтөбе облысының тумасы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!