{metadescription}
0:000:00
Барымташы бір үйір жылқыны небәрі 150 мың теңгеге өткізіп жіберген

Барымташы бір үйір жылқыны небәрі 150 мың теңгеге өткізіп жіберген

Семейде жалғыз барымташы бір дегенде 29 бас жылқыны айдап әкеткен. Оны өз қорасына сыйдыра алмаған соң бір үйірін маңайдағы өндірістік базаға небәрі 150 мың теңгеге сата салыпты.

- Әйелім бар, төрт балам бар.

- Неге істедің оны?

- Ақша керектіктен...

Барымташы өрісте кешқұрым жайылып жүрген жылқыларды еш қиындықсыз айдап әкеткен. Алғашында малынан айырылған шаруа өз бетінше іздеуге талпыныпты. Алайда нәтиже шықпаған соң тәртіп сақшыларына хабар берген. Біраз уақытта үшті-гүйлі жоғалған малдың тек жартысы табылды. Қалғаны сойылып, сатылған. Келтірілген шығын көлемін мал иесі 5 жарым млн теңгеге бағалады. Семейлік полицейлер мұны өтіп бара жатқан жылдың рекорды деп отыр. Енді жолы болмаған ұры 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.