{metadescription}
0:000:00
Көкшетау әуежайы арқылы сапар шегу қауіпті

Көкшетау әуежайы арқылы сапар шегу қауіпті

Көкшетау әуежайы арқылы сапар шегу қауіпті! Өйткені әуежайдың жаңа президенті мен қызметкерлері арасындағы кикілжің кесірінен соңғы уақытта стратегиялық нысанның қауіпсіздік қызметі ақсаған. Өрт сөндіру көліктері сусыз, жанармайсыз тұр. Құтқарушылар отырған ғимараттар да судан ажыратылыпты. Оның үстіне ұжым екі айдан бері жалақы көрмеген.

Курортты аймақта туризмді дамыту үшін халықаралық мәртебедегі Көкшетау әуежайы қашан тапсырылады деп жұртшылық асыға күтіп жүр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 8 миллиард 300 миллион теңге бөлінген.

Бірақ, әуежайдың қазіргі жағдайы мүшкіл. Қауіпсіздік шаралары жоқ десе де болады. 3 жылда 5 президент ауысқан әуежайға соңғы басшы келгелі береке қашқан. Әуе қауіпсіздігі қызметіндегілер айтпай келер апат орын ала қалса, мүлдем дайын емеспіз дейді.

Юрий Кучнаренко, «Көкшетау әуежайы» АҚ әуе қауіпсіздігі қызметінің бастығы:

- Мұнда ұшып келу қорқынышты. Жетіспеушіктерді ашық айтқаным үшін, жаңа президент бізге өшігіп алды. Бізді түгел қуып шыққысы келеді. Мәселен, ана арнайы көліктер шығуға дайын емес. Өрт депосы сусыз дегенді естідіңіздер ме? Не жанармай, не су жоқ.

15 жылдан бері қауіпсіздік қызметін басқарып келген Юрий Кучнаренко соңғы кездері бір жалақыға 4 адамның жұмысын атқарған.  Барлығын қысқарта-қысқарта 4 өрт сөндіру көлігінде бір ғана жүргізуші қалыпты. Оның өзіне екі айдан бері жалақы төленбеген. Шешімін таппаған бірқатар мәселелердің бар екенін әуежайдың жаңа президенті де мойындайды. Дегенмен оның пікірінше, дабыра қыларлық емес. Тіптіәуежайдың соңғы уақыттағы жетістіктерін жіпке тізіп, мақтанышпен айтып отыр. Ал ұжымдағы кикілжіңді әлдекімдердің арандатуы дейді.

Узифулла Ажмолдаев, «Көкшетау әуежайы» АҚ  Президенті:

- Ол бұрын болған келіспеушілікке байланысты есеп айырысып жүр. Сол қызметтің бастығы өзі ғой. Ол жауап беруге тиіс қауіпсіздік қызметіне. Ал құтқару, қауіпсіздік қызметінің мәселесі жаңа ғимаратқа көшірілген соң  шешіледі.

Дегенмен басшы жалақы мәселесі де шешіледі, жұмысы ақсаған қауіпсіздік қызметінің түйткілдері де шешіледі деп сендірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде