{metadescription}
0:000:00
Ақтөбе облысында бүтін бір ауылдың малы суатсыз қалды

Ақтөбе облысында бүтін бір ауылдың малы суатсыз қалды

Ақтөбе облысында бүтін бір ауылдың малы суатсыз қалды. Жергілікті кәсіпкер әкімдіктің рұқсатымен бұлақ арнасының жолына бөгет салып, содан сайдың түбі құрғап қалған. Төрт түлікпен күнелтіп отырған Табантал ауылының тұрғындары малымыз шөлден қырыла ма деп ашынады.

Хромтау ауданына қарастыТабантал ауылының тұрғындары таң атысымен қолдарына кетпен-күректерін алып сайдың бойын жағалайды. Қорадағы төрт түлігіне қатқан мұзды ойып, оны ерітіп бермек мақсатпен. Өйткені бұған дейін бұлақтан суарылып келген малы жергілікті кәсіпкердің кесірінен суатсыз қалған. Қырсыққанда бұл өңірге қар да жаумай қойды.

Іңкәр Сарыбасова, Табантал ауылының тұрғыны:

- Малымыз қырылып қалады ма деп қорқамын. Қорада 25 бас малым бар. Су ішкен жоқ үш күннен бері. Ал енді бізде қараң қалды мына Табантал. Су жоқ.

Ауыл малын судан айырған бөгет мынау екен. Оны жергілікті бизнесмен әкімдіктің рұқсатымен биыл салыпты. Онда жиналған су тек сол кәсіпкердің шаруашылығындағы малды ғана суаруға кетеді. Ал жергілікті атқамінерлер болса кәсіпкерді жақтап, бұлақ аязда қатып қалды деп ақталып отыр.

Шолпангүл Қалиева, Табантал ауылдық аймағының әкімі:

- Суатқа байланысты болғанда бұл енді ауа райының қолайсыздығынан болып тұр ғой. Қар жоқ. Қар болмағасын аяз. Сосын мына сайдың астына түсіп кетіп тұр ғой су деген. Ол біздің қолымызда тұрған жоқ.

Мына қырдың астындағы жүз елудей шаңырағы бар Табантал ауылы малдың арқасында жан бағып отыр. Егер су мәселесі шешілмейтін болса төрт түлігіміз бұл қыстан аман шықпай қалады ма деп қауіптенеді. Сондықтан бұл мәселенің оң шешімін тапқанын қалайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде