{metadescription}
0:000:00
Астанада тағы бір көпбалалы ана баспанасыз жүр

Астанада тағы бір көпбалалы ана баспанасыз жүр

Астанада тағы бір көпбалалы ана көрінгеннің босағасынан сығалап жүр. Баспана тауқыметін тартқан отбасы қала іргесіндегі елді-мекенде аядай ғана сарайды жалдап сұрады. 5 баланың біреуі мүгедек, одан кейінгі қыз да денсаулығына байланысты 9-шы сыныптан кейін мектеп табалдырығын аттамаған. Қазір алты адам сол науқас ұлдың жалғыз зейнетақысын талғажау етіп отыр.    

Торғайдың ұясындай мына бөлме Сәулегүл мен оның 5 баласына күндіз сабақ оқып, тамақ ішетін орын, түнде жатын бөлме. Жуынатын жер де алыс емес. 1 жыл бұрын Шу қаласынан көшіп келген отбасының үлкен қызы да, ұлы да науқас. Сондықтан, қамкөңіл ана есік ашылса болды, елеңдейді де отырады. Туабітті сал ауруына шалдыққан баласына суық тиюден қорқады. Баспанадан бұрын жігіт болған ұлының болашағына қам жейді ана.

Сәулегүл Түленова, көпбалалы ана:

- Осы Мақсатым жүріп кетсе басқа ештеңке керек емес деп ойлайтынмын, өмір бақи пәтер жалдап жүрсем де... Оған барған сайын баламды көрем де жүрегім ауырады.

Отбасы аядай бөлмені жалға алған. Науқас ұлына алатын 26 мыңның бәрін осы тұратын бөлмелеріне төлейді. 11 жыл бойы Шу қаласында баспана кезегінде тұрған бұл жанұя, сол күйі кезекті жылжыта алмай, жергілікті басшылардан ақыры күдерін үзген.  

Сәулегүл Түленова, көпбалалы ана:

- «Үйлеріңе қайтыңдар, барлығын жасанды істеп отырсыңдар» деп айтқан кездері болды. Мен 14 пәтер бар екенін естіп бардым ғой...

Баспана мен балаларының денсаулығы көпбалалы ананың да  денсаулығына кері әсер етсе керек. Қатты қорқатыны да осы! Әзірге қамкөңіл анаға әкімдіктегілер емес, науқас болса да үлкен қызы көмекші болып отыр. Анасына жаны ашыған Гүлшат та бауырларына көрсетпей жылап алады.

Гүлшат Құлажанова, қызы:

- Мыналар біледі, менің жылайтынымды...Қысыламыз, түнде салқын болады, түнімен жаурап шығамыз.

Төбесі тесік, іші көк сасыған бөлмеден басқа барар жер жоқ екенін білетін балалар мына столда тездетіп тамақтарын ішті, соңынан сабақтарына кірісті. Өйткені, баспана тауқыметін тек жақсы біліммен ғана жеңуге болатынын аналары күнде құяды құлақтарына. Оқу үлгерімдері де жаман емес. Әзірге бұл үйдегі жалғыз қуанышты жәйт осы ғана.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.