Туған апасын өлтірген жігіттің ақыл-есі дұрыс деп танылды
Автор: Олжас Байжан
18.12.2012
Туған апасын өлтіріп, денесін мүшелеп тастаған ақтаулық жігіттің ақыл-есі дұрыс деп танылды. Яғни 23 жастағы қандықол қылмыскердің адам өлтірген кезде өз-өзіне есеп бергені анықталып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, қанды қылмыс осыдан бір ай бұрын болған. Жергілікті әнші Сәлима Рысбаеваны өз інісі ақша беруден бас тартқаны үшін анасының көзінше өлтіріліп, мүрдесін мүшелеп тастаған-ды. Қылмыс жасаған жігіт екі сөмкеге апасының дене мүшелерін салып, кіреберістегі қоқыс алаңына тастап кеткен. Бірақ көршілердің шақыртуы бойынша келген тәртіп сақшылары оны алысқа ұзатқан жоқ. Бұған дейін психиатриялық есепте тұрмаған күдікті тергеу изоляторінде жануарларға тән дыбыс шығарғандықтан, сараптама жасалған екен. Сол тексеріс нәтижесінде қылмыскердің ақыл-есі дұрыс екені анықталып отыр. Ал орын алған қылмысты көрсе де тіс жармаған анасы сыбайлас ретінде жазаға тартылуы мүмкін. Қазіргі уақытта ол қолхатпен бостандыққа жіберілген.
Мейірхан Жұманбаев, Маңғыстау облыстық ІІД бастығы:
- Қазір тергеу құжаттарын сотқа дайындап жатырмыз. Оған жасалған барлық сараптамалардың қорытындысы қажет. Жігіттің кінәлі екендігі айдан анық. Ал қылмысты жасырғаны үшін сыбайласы ретінде оның анасы да жауапқа тартылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!