Қазақстандық өнер жұлдыздарына демеу көрсетіңіз
Автор: Олжас Байжан
20.12.2012
Отандық өнер жұлдыздарына демеу көрсетіңіз. «Муззон» телеарнасы «EURASIAN MUSIC AWARDS-2012» сыйлығына байқау жариялады. Әлемде әйгілі болып есептелінетін бұл байқау жыл сайын өткізіледі, ал Қазақстанда осымен екенші рет қолға алынуда.
Негізгі 10 аталым бойынша өтетін байқауға ұйымдастырушылар жаңалық енгізген. Енді үйреншікті үздік ән, ерлер мен нәзік жандылардан құрылған ұжым, бейнебаян мен жыл дебютынан өзге үздік саундтрек пен ұлттық жоба да сынға қатыса алады. Алғашқы үміткерлер де анықталып, олар жайлы ақпарат қазылар алқасына жіберілген. Ал орындаушылар үшін бұл кезекті байқау ғана емес, олардың кәсіби шеберлігін шынайы анықтап, беделін айқындайтын сайыс.
Арманжан Байтасов, «Таң» медиатобы директорлар кеңесінің төрағасы:
- Бізге қазақ эстрадасында бар жаңа тенденциялар мен трендтердің барлығын айқындау маңызды. Дәл осы байқау арқылы біз дәрежені жоғарылатуды мақсат етіп отырмыз. Себебі Муззон арнасы енді ТМД елдерінде де эфирге шығатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары