Ата-ана мейірімінен шет қалған балаларға жаңа жыл мерекесі ұйымдастырылды
Автор: Олжас Байжан
20.12.2012
Тұңғыш президент қоры мүмкіндігі шектеулі және ата-ана мейірімінен шет қалған балаларға жаңа жыл мерекесін ұйымдастырды. Шараға Алматы қаласының балалар үйі мен коррекциялық мектептерінің тәрбиеленушілері шақырту алған.
Дәстүрге айналған жаңа жылдық шыршаға биыл 250-ге жуық бүлдіршін қатысты. Басым бөлігі балалар үйінен келген тұл жетімдер. Қалғаны әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқу озаттары. Олардың барлығына бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар қызықты байқаулар өткізіліп, ән шырқалып, би биленді. Ал бүлдіршіндердің көңілдерін бір серпілту мақсатында арнайы сахналанған қойылым көрсетіліп, жаңа жылдық көңіл-күй тарту етілді.
- Келді міне жаңа жыл,
Қарсы алайық бәріміз.
Тойлап, ойнап, би билеп,
Қарсы алайық бәріміз.
Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып,
Аяз ата келіп тұр.
Бізге сәлем беріп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!