{metadescription}
Павлодарда мүгедектерге арналған трамвай жүре бастады
Елімізде мүгедектерге арналған алғашқы трамвай жүре бастады. Мұндай қоғамдық көліктің қызығын елден бұрын қоларбаға танылған павлодарлықтар көрмек. Су жаңа екі трамвай вагоны пандуспен жабдықталған. Тағы бір артықшылығы, баспалдақ жоқ. Сыйымдылығы 187 адамды құрайтын вагондар Ресейде шығарылған. Құны 82 млн теңге. Шойын жолмен жүретін қоғамдық көліктің жаңа түрі электр қуатын басқаларға қарағанда 40 пайызға аз тұтынады екен.
Автор: Айжан Әлібек
20.12.2012
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!