{metadescription}
0:000:00
Ақырзаманның жақындағаны қаншалықты рас?

Ақырзаманның жақындағаны қаншалықты рас?

Ақырзаман таяғаны қаншалықты шындыққа жанасады? Соңғы бірнеше жылдан бері ел арасында осындай алып-қашпа әңгіме өрбіп, дүйім жұрт іштей үлкен күдікпен жүр. Егер ежелгі Майя тайпасының күнтізбесіне сенсек, бұл күн - ертең, яғни 2012 жылдың 21-ші желтоқсанында орнауы тиіс. Бірақ ежелгі көсемдердің көргенін бүгінгінің көріпкелдері жоққа шығарып отыр. Заманымыз әлі ақырына жеткен жоқ. Десе де сенгендер ақырзаманды алдаудың түрі әдісін ұсынып әлек.

2012 жылдың21-желтоқсаны-егер жорамал айтып, болашақты болжағыштардың сөзіне сенсек, бұл жер бетіндегі тіршілік атаулының ақыры жетіп, жарығы өшетін күн.

Ақыреттік күннің туарын алғаш болып болжаған -ежелгі Майя өркениетінің өкілдері. Тайпадан қалған күнтізбеде дәл осы күні цунами болып, топан су басып, жер беті мәңгілік құрдымға кетеді. Әлемді әбігерге салып отырған да осы күнтізбе қазір. Бірақ мега апатқа өзге де оншақты себептер түрткі екен. Соның бірі - аспан әлеміндегі түрлі өзгерістер. Камета құлап, табиғи энергия көздері шамадан тыс артады деген сынды.  

Осы жорамалдың барлығы жұрт дегбірін қашырып, «шынында да құрып кетеміз бе?» деген күдік тудырғаны рас. Тіпті ақырзаманға қызу дайындық жасап жатқандар да бар екен. Мәселен, көрші қырғыздар 21-і арнайы киіз үйге жиналып, жаппай дұға қылуға кеңес берсе, Ресейде қауіпті сәтте құтқарып қалатын дорба ұсынылуда. 

Егер ережеге құлақ ассақ, ресейліктер ұсынған дорбаға алдымен қарақұмық салу керек екен. Себебі ол жүрек жалғауға таптырмайтын дән деседі. Одан кейін консервіленген тағам алынады. Майшам мен сіріңкені ұмытпағаныңыз жөн.  Дәрі-дәрмек пен градусы жоғары сусын да қажет болып қалу мүмкін заттың бірі. Ал ең соңында міндетті түрде сабын мен жіп салу жүктелген.

Белсенділер ұсынған дорба шындықтан гөрі қалжыңға жақындау. Себебі дүйім жұртты осылай дүрліктіру - ең алдымен маркетологтарға тиімді деп есептейді мамандар. Ал ежелгі майялықтардың көргенін бүгінгінің көріпкелдері құр сандыраққа, алып-қашпа әңгімеге балайды. 

Виктор Александровский, экстрасенс:

- Ақырзаман – бұл жақсы ойластырған PR әдіс. Белгілі бір топтарға пайдасын тигізетін. Мен көріпкел ретінде ақырзаманның болмайтынын айтамын. Ал Майя күнтізбесіне келсек, бәлкім олардың жазуға пайдаланған тасы немесе бамбук қағазы осы күнге келгенде түгеп қалған шығар.

Виктор Александровский Украинадағы көріпкелдер додасында үздік атанған 4 жорамалшының бірі. Экстрасенс ретінде 21-ші желтоқсанға белгіленген ешқандай ақырзаманды көріп тұрған жоқ. Бәлкім болса да Қазақстанды сырт айналып өтуі мүмкін. Себебі 2013 жылы да қалыпты қазақ өмірі жалғасып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.