{metadescription}
0:000:00
ОҚО-ды мұнай ұрлаған күзет агенттігінің бастығы ұсталды

ОҚО-ды мұнай ұрлаған күзет агенттігінің бастығы ұсталды

Оңтүстік Қазақстанда мұнай құбырын күзетудің орнына ұрыларға қамқорлық жасаған «Семсер Секьюрити» күзет фирмасының бастығы ұсталды. Онымен бірге жылдан астам уақыт құбырдан қара алтын қымқырып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың тоғыз мүшесі қолға түсті.

«Құмкөл-Павлодар-Шымкент» мұнай құбырынан қара алтын ұрлағандарды қаржы поициясы 9 айдан бері торып келген. Ұйымдасқан топтың қылмысын әшкерелеу үшін арасына тыңшы да ендіріліпті. Осы уақыт аралығында қылмыстық топты криминалдық әлемде «Боря» деген лақап атымен белгілі болған Бижігіт Нақылбеков басқаратыны анықталған. Темір тәртіппен, үйреншікті жүйе бойынша жымысқы ойларын жүзеге асырып отырғандар магистральді құбырға заңсыз қосылып, одан мұнай жымқырған. Ал стратегиялық нысанды күзетуі тиіс болған мекеме бастығы олардың бұл әрекетін көрмегені үшін қылмыскерлерден қомақты сыйақы алып келіпті. Бір қызығы, ұрланған мұнай өнімдерін Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолын салып жатқан асфальт-бетон шығаратын зауыттар сатып алып отырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде