{metadescription}
0:000:00
Астанада үлес құрылыспен үй алғандар мен сол үйді салған мекеме өкілдері шу көтерді

Астанада үлес құрылыспен үй алғандар мен сол үйді салған мекеме өкілдері шу көтерді

Астанада үлес құрылыспен үй алғандар мен сол үйді салған құрылыс компаниясының жұмысшылары шу көтерді. Жұрт «Хан тәңірі» деп аталатын тұрғын үй кешенінің сапасына қапалы. Мердігер құрылысты аяқтамай, 9 қабатты үйді ашық-шашық күйінде тастай салған. 6 жыл сарыла күткен үлескерлер пәтерлері бітпесе де кіріп алған екен. Енді сарышұнақ аязда соның зардабын тартып отыр. Ал құрылыс фирмасында қызмет қылған күзетшілер көктемнен бері көк тиын көрмегендерін айтады.

Мына 9 қабатты «Хан тәңірі» тұрғын үй кешені сыртынан әдемі, әулетті көрінгенімен, іші тұнып тұрған проблема. Осыдан 6 жыл бұрын қолдануға берілуі тиіс үй әлі бітпеген. Бірақ соған қарамай, жұрт өз беттерінше кіріп алып тұрып жатыр. Соның бірі - Лариса есімді тұрғын. Соңғы, 9-ыншы қабатта тұратын оның терезелеріне 45 градус аязда мұз қатып қалған.

Мұндай жағдай осы үйде тұратын 200 пәтердің де басынан өтіп отыр. Сапасыз салынған үйден кейбір тұрғындардың жылу құбырлары жарылған. Салдарынан, бірнеше рет жөндеу жұмыстарын жүргізуге тура келіпті.

Қуаныш Жанбекұлы, Пәтер иелері кооперативінің төрағасы:

- Подьездер суық, пәтерлер де суық. Бүкіл үйдің жүйесі нашар салынған. Құбырлар жарылып жатыр. Құжаттар жоқ. Қалай істелінгенін ешкім білмейді.

Бұл үйдің басқа да түйткілдері жетерлік. Мысалы, тұрғын үй кешені әлі тапсырылмағандықтан подьездерінен жел улеп, қабырғалары құлаған. Ал лифттің алды тіпті қоқыс алаңына айналыпты. Тұрғындар осылайша үйдің сапасымен күресіп әлек болса, ал кешенді күзеткен мына азаматтар 8 айдан бері жалақы ала алмай жүр. Жақын маңайда қолдарына ақша ұстаулары да екіталай. Өйткені мердігер мекеменің басшысы үйдің іші-сыртын қайта жөндеуге де ақша таппай отыр екен.  

Совет Әлиев, «Аруана Хан Тәңірі» құрылыс компаниясының басшысы:

- Қазір жалақыны беріп құтылу үшін астыңғы қабаттағы орындарды да сатып жатырмыз. Сенесіз бе, мен тіпті кеңсеме ақша таппай, оны да жаптым. Мына күзетші жігіттерді таратып жібердім.

Дегенмен, бұл үйдің тұрғындарына қандай да бір жақсылықты көктемге дейін күтуге тура келеді. Өйткені, мердігер құрылысқа деп бөлінген ақшаның баяғыда-ақ таусылғанын, енді қайтадан Үкіметке алақан жайып отырғанын жеткізді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.