{metadescription}
0:000:00
Павлодарда мемлекеттік бағдарламамен үй тұрғызған жұмысшылар 4 айдан бері жалақы алмаған

Павлодарда мемлекеттік бағдарламамен үй тұрғызған жұмысшылар 4 айдан бері жалақы алмаған

Павлодарда мемлекеттік бағдарламамен үй тұрғызған жұмысшылар 4 айдан бері жалақы ала алмай жүр. Шыдамы таусылғандар бүгін әкімдік алдында жиналды. Жұрт қазір ақшаны кімнен сұрарын білмей дал. Өйткені мердігер компанияның басшысы жақында қайтыс болған. Ал құрылысшылардың келісімшарттары ұшты-күйлі жоғалыпты.

Еңбек инспекциясы мен прокуратураға талай рет арызданған жұмысшылардың шыдамдары таусылды. Ешқайсысынан қайыр болмаған соң бүгін әкімдік алдында жиналды. Бәрінің талап-тілегі бір- «маңдай тер, табан ақыларын» алу.

Қасен Смағұлов, жұмысшы:

- Жалғыз біз емес, бәрі ала алмай жүр. Жартысы сотта, жартысы осы әкімдікте жүрміз.

“Ақтоғай” ЖШС әкімдік тапсырысымен өткен жылдың аяғында мына үйлерді тұрғыза бастаған болатын. 4-ші қабатына келгенде, мердігер 30 жұмысшысын көк тиынсыз таратып жіберген. Себебі-мердігер фирманың басшысы аяқасты қайтыс болыпты. Ал оның орнын басқан туысы фирма құжаттарының ғайып болғанын айтады. Содан бері құрылысшылар 6 млн теңгелерін ала алмай келеді.

Кенжебек Жақашев, Павлодар облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары:

- Сол кісінің түсініктемесі бойынша арыз жазушыларға байланысты құжаттар тексеру барысында көрсетілмеді. Сондықтан құжаттарды сақтамағаны бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды жұмыс беруші.

Айыппұл төлеумен құтылған жұмыс беруші күні бүгінге дейін сот арқылы әділдікке қол жеткізген кейбір жұмысшылардың да ақшасын бермей келеді. Сол себепті құзырлы органдардан үміт үзген жұрт енді кімнен көмек сұрарын білмей дал. Ал мемлекеттік бағдарлама бойынша құрылысы аяқталмай қалған нысанға бөлінген қыруар қаржының қалай, қайда жұмсалғаны белгісіз.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша салына бастаған мына үйлердің құрылысы төрт айдан бері тоқтап тұр. Жоспарға сәйкес, 700 отбасы жаңа жылды жаңа пәтерде тойлауы тиіс еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде