Серік Ахметовке халықтың сенімі қандай?
Автор: Ербол Сейілхан
28.12.2012
Осыдан үш ай бұрын премьерлік орынтаққа жайғасқан Серік Ахметовке халықтың сенімі қандай? Әлеуметтік зерттеу орталықтарының бірі Үкімет басшысының қызметке тағайындалғанына 100 күн толуына орай халық арасында сауалнама жүргізіпті. Телефон арқылы салынған сұрауға облыс пен шалғай ауылдардан 1200 адам қатысқан.
Нәтижесінде, респонденттердің 36 пайызы жаңа Үкіметтің жұмысын тәуір десе, тұрғындардың 19 пайызы көңілі толмайтынын ашық айтқан. Ал Серік Ахметовтың премьерлік қызметін сұралғандардың елу бір пайызы оң бағалапты. Ахметов сенім туғызады, халықтың проблемасына қанық деп баға бергендер де, керісінше тәжірибесіз ештеңе шешпейтін қатардағы шенеунік дегендер де табылған. Сауалнамаға қатысқандар Министрлер кабинеті ең бірінші кезекте азық-түлік құнының шарықтауына жол бермеу, тариф бағасын ұстап тұру, медициналық қызметтің сапасы мен жемқорлықпен күресті күшейтуі керектігін айтқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!