{metadescription}
0:000:00
Әуе апатынан опат болғандардың 9-ның жеке тұлғасы анықталды

Әуе апатынан опат болғандардың 9-ның жеке тұлғасы анықталды

Шымкентте апатқа ұшыраған АН-72 әскери ұшағында қаза болған 27 адамның тоғызының тұлғасы анықталды. Оған қоса, бүгін еліміздің Бас прокуратурасы таратқан мәлімдемеге сенсек, әскери-әуе көлігі ауа-райының күрделі жағдайында қонбақ болған.  Естеріңізге салайық, 25-желтоқсан күні Шымкенттің іргесінде Шекара қызметіне тиесілі АН-72 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап 27 адам қаза тапқан болатын. Арасында Қазақстанның шекара қызметі бастығының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков бастаған жоғары шенді офицерлер опат болған еді.

Шымкенттің іргесінде апатқа ұшыраған АН-72 әскери ұшағында қаза болған шекарашылардың туыстары толығымен Шымкентке келіп жетті. Кеше олар марқұмдарды геномдық сараптамадан өткізу үшін өз қандарын тапсырыпты. Бүгін қаза болған шекарашылардың туыстары қаладағы сот-медициналық сараптамалау орталығына келіп жатыр.

Орталыққаәуе апатында мерт болғандардың туыстары Ұлттық Қауіпсіздік комитеті және шекара қызметі өкілдерінің бақылауымен келіп жатыр. Әзірге, марқұмдардың тоғызының тұлғасы анықталды.

Нұрдәулет Сүйіндіков, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

- Олар подполковниктер А. Айтманбетов, С. Досыбеков,  А. Шуканов және Вячаслав Рахман, майорлар А. Ибраев және О. Голубев, аға сержант М. Қонақбай, сержант Г. Доламбаева  және кіші сержант П. Вязиков.

Қалған азаматтарға қатысты сараптама қорытындысы алдағы дүйсенбіге дейін шығуы тиіс.Еске салайық, осыдан үш күн бұрын Шымкенттің іргесінде Ан-72 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап экипаж мүшелерімен қосқанда 27 адам опат болған еді. Шымкенттегі әуежайға 20 шақырым жетпей, жермен жексен болған әуе техникасында еліміздің бас шекарашысы Тұрғанбек Стамбеков бастаған жоғары шенді офицерлер болған. Қазір ұшақтың ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қонуға тырысқаны белгілі болды.

Нұрдәулет Сүйіндіков, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

- 25 желтоқсанда «Казаэросервис» АҚ-ның метрологиялық қызметімен екі рет, сағат 13.00-де және 17.00-де, Оңтүстік Қазақстанның облыстық орталығымен авиабайланысы бар барлық қалаларға Шымкент қаласы әуежайының үстінде 50 шақырым радиуста 300 метрден 7 600 метрге дейінгі биіктікте солтүстік-шығысқа қарай жылжып бара жатқан қатты мұздану қалыптасқаны жөнінде ескерту жіберілгені анықталды.

Осылайша, апатқа ұшыраған АН-72 өте қиын метео жағдайда қонуға келе жатқандығы қуатталды.

Осы оқиға бойынша «Ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір, апат себебін отандық мамандардан жасақталған арнайы комиссия анықтап жатыр. Оған қоса, осы жылғы қарашаның басында ұшақ жөндеуден өткен украиндық зауыттың 7 маманы да жетті әуе кемесі құлаған жерге. Ал онда табылған “қара жәшік” әлі зерттелу үстінде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде