СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Автор: Елдос Сапарғали
01.03.2013
Теннистен Дубайда өтіп жатқан байрақты бәсекенің үздік төрттігі анықтады. Олар Хуан Мартин дель Потро, Томаш Бердых, Роджер Федерер және Новак Джокович.
Ширек финалда германиялық Даниеэль Брандспен кездескен Хуан-Мартин дель Потро еш қиналмастан жеңіске жетті. Аргентиналыққа мардымды қарсылық көрсете алмаған Брандс 6:4, 6:2 есебімен жеңілді. Енді Дель Потро жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичпен күш байқасады. Ал чех Томаш Бердых пен швейцариялық шебер Роджер Федерер қос ресейлікті жарыс жолынан шығарды. Бердых Дмитрий Турсуновты ұтса, Федерер Николай Давыденкоға еш мүмкіндік бермеді. Жартылай финал бәсекелері 3-ші наурызға жоспарланған.
Баскетболдан ВТБ лигасында өнер көрсетіп жатқан “Астана” бүгін Сакт-Петербургтың “Спартагымен” ойнайды. А-тобында әзірге астаналықтар 16 ұпаймен 6-шы орында. Ал мұхиттың арғы жағындағы ұлттық лиганың кезекті туры өз мәресіне жетті. “Миннисота Тимвервулвзды” қабылдаған “Лос-Анджелес Лейкерс” 116:94 есебімен жеңіске жетті.
19 мың жанкүйердің қызу қолдауымен “Лейкерс” алғашқы минуттардан есепте алға шықты. Бүгінгі бәсекеде ерекше көзге түскен - Коби Брайнт. Ол матч барысында 33 ұпай жинап ең нәтижелі ойыншы атанды. “Миннисота” алғашқы екі кезеңде лайықты қарсылық көрсеткен. Алайда “Лос-Анджелесті” тоқтату мүмкін болмады. Өзге бәсекеде “Чикаго Булз” “Филадельфияны” 93:82 есебімен ұтса, “Индиана Пэйсерс” “Лос-Анджелес Клипперске” 91:99 есебімен жол берді.
Шаңғы сайысынан Италиядағы әлем чемпионаты Қазақстан әйелдер құрамасы үшін сәтсіз аяқталды. Бес шақырымдық эстафетада өнер көрсеткен жерлестеріміз соңғы орын алды.
Біздің команда Елена Коломина, Анна Стоян, Виктория Ланчакова және Анна Шевченко сынды спортшылардан жасақталған. Соңғы болып эстафетаны қабылдаған Анна Шевченко жарыс жолында құлап, мәреге жетпеді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 15-орыннан табылды. Ал бас жүлде Норвегия құрамасының еншісінде. Швеция күміспен күптелсе, ресейліктер қола медаль олжалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары