Астанада көлігін сатпақ болған 22 жастағы азамат қарақшылардың құрбанына айналды
Автор: Гүлнұр Имандосова
01.03.2013
Астанада көлігін сатпақшы болған 22 жастағы азамат қарақшылардың құрбанына айналды.
Қаскөйлер жемтікті газеттегі жарнамалардан іздеген. Сөйтіп, көлік сатам деп хабарлама берген жігітпен келіседі. Аяқ астынан сатып алушы табылғанына қуанған көлік иесі еш сезіктенбестен қарақшылар айтқан мекен-жайға жеткен. Кел деген жерлері қаңыраған ғимарат екен. Сол жерді жігітті өлімші етіп сабап, қымбат джипті айдап іздерін суытқан. Құны 8 млн.теңге тұратын «Тойота Ланд Крузер 200» көлігінен айырылған жігіт әрең есін жиып, полицияға хабарлапты. Тонаумен айналысқан 8 жігіт көпке ұзамай құрықталған.
Марат Төлебаев, Астана қаласы Сарыарқа аудандық ІІБ бастығы:
- Осы іске қатысты азаматтардың бәрі ұсталды. Олар 25 пен 35 жас аралығындағы 8 жігіт. Астанаға уақытша келгендер, еш жерде жұмыс істемейді. Қылмыстарын мойындап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!