Түрмедегі алаяқтар мен олардың арбауына түскен адамдар арасында делдал болған әйел ұсталды
Автор: Әйгерім Асқарқызы
01.03.2013
Атырауда түрмедегі телефон алаяқтары мен олардың арбауына түскен адамдар арасында делдал болған әйел ұсталды. Қылмыстық топ әдеттегі жоспар бойынша айлаларын асырып отырған. Кез келген нөмірге қоңырау шалып, өздерін тәртіп сақшысы ретінде таныстырады. Сөйтіп, есірткімен ұсталып қалған туыстарын босату үшін қомақты ақша талап еткен.
Олардың айтқандарына сеніп қалған азаматтар 50-ді алқымдаған мына әйелге ақшаны апарып беріпті. Бірақ бұл жолғы хабарласқан адамдары, олар ойлағандай осал емес екен. Келіншек бірден осындай қоңыраудың түскенін полицияға айтып, делдал әйел ақшаны әкетуге келгенде қолға түсірілді. Бірақ, ұсталған әйел кінәсін мойындағысы жоқ. Айтуынша, таныстары біреуден қарыз ақшаны алып келуін сұрапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!