Алматыдағы хореографиялық колледж директоры парамен ұсталды
Автор: Құралай Пионер
01.03.2013
Алматыдағы Селезнев атындағы хореографиялық колледж директоры парамен ұсталды. Қаржы полициясы Талғат Аңдаспаевты өз кабинетінде 3 мың 300 АҚШ долларын алып жатқан жерінде қолға түсірген. Бірақ қылмыс орнында құрықталарын күтпесе керек, парақор басшы сол жерде қан қысымы көтеріліп, ауруханаға түсіпті. Қазір науқас есік алдына қойылған арнайы күзетпен ем қабылдап жатыр.
Қазір жабық болғанымен, бұл осыдан 2 тәулік бұрын хореографиялық колледж директоры Талғат Аңдаспаевтың пара алып жатқан жерінде құрықталған кабинет. Қызмет бабын асыра пайдалаған басшы 3 мың 300 АҚШ долларымен Қаржы полициясының қолына түскен.
Жақсылық Жақыбаев, Алматы қалалық ЭҚСЖҚК департаментінің баспасөз хатшысы:
- 3 мың 300 долларды ол мемлекеттік мекеменің ішіндегі бөлмелерді жалға беру, яғни өзінің келісімен беру үшін талап еткен. Аңдаспаев Талғатқа пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Парамен ұсталарын күтпесе керек, би ордасы директорының сол жерде қан қысымы көтереліп кетіпті. Содан тінтуді тоқтатып, оған бірден жедел-жәрдем шақыртуға тура келген. Қазір Талғат Әбжаппарұлы №7 қалалық клиникалық аурухана кереуетінде, қатаң күзетпен ем алуда. Дәрігерлер «жағдайы ауыр» дейді.
Меруерт Әбдіхалықова, Алматы қалалық №7 ауруханасының дәрігері:
- Талғат Әбжаппарұлы, 57 жылғы 27-ші ақпан күні кешке келіп түсті. Бидинсульт жағдайында келіп түсті. Қазір жағдайы ауыр. Ішкі істер қызметі күзетіп тұр.
Ал бұл сол жалға беру шартың 3 мың доллармен ұзартылмақ болған ғимараттың өзі көренеді. Осылай деп колледж қызметкерлері жөн сілтегенімен, ашып ештеңе айтпайды
Светлана Медеубаева,Селезнев атындағы хореографиялық колледж директорының орынбасары:
- Директор қазір денсаулығына байланысты демалыста. Екі күннен бері ауруханада жатыр. Ал оның парамен ұсталғанын естіген жоқпыз. Ресми түрде ол қазір демалыста.
Айта кетсек, Талғат Аңдаспаевтың Селезнев атындағы хореографиялық колледждің директоры қызметіне кіріскеніне көп те болған жоқ. Небәрі 7 ай. Ал оған дейін бұл қызметте Қарлығаш Мырзаханова отырған еді. Бірақ 55 жастағы әйелді былтыр үйіне түскен ұрылар айуандықпен өлтіріп кетті. Жаңа бастық енді пара алғаны үшін 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!