{metadescription}
0:000:00
Ақтөбедегі дарынды балаларға арналған мектеп-интернат жабылуы мүмкін

Ақтөбедегі дарынды балаларға арналған мектеп-интернат жабылуы мүмкін

Ақтөбедегі дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты жабылуы мүмкін! Бұл ата –аналардың наразылығын туғызды. Олар жоғары сынып оқушылары түлеп шыққанға дейін білім ошағы бірер жыл жұмыс істегендігін қалайды. Алайда бала-бақша санын көбейтуді көздеген шенеуніктер бет бақтырар емес. Олар оқушыларды гуманитарлық бағытта тереңдетіп оқытатын білім ордасына ауыстырмақшы.

Оқу жылының аяқталуына бір тоқсан қалғанда дарынды балаларға арналған Ақтөбедегі физика-математика мектеп интернатының жабылатындығы туралы хабар ата-аналардың басына жай түсіргендей болды. Әсіресе, оныншы сынып оқушылары қазір әрі-сәрі күйге түскен. Осы уақытқа дейін бір бағытта оқып келген оларды гуманитарлық пәндер бойынша тереңдетіп оқытатын мектептерге ауыстырмақшы. Ал мектептің жабылуына ғимаратты бала-бақшаға айналдыру туралы шенеуніктердің шешімі себеп болыпты.

Жұмагүл Сапарова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Бұл ғимаратты балабақша қылып аламыз дейді. Бірақ сол балабақшаға  бір-екі жыл балаларымыз бітіргенше алмай тұра-тұрса дейміз.

Гүлнар Әбілбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Ең болмаса бір жыл күте тұруға болатын шығар деп ойлаймын. Біздің балалар бітіріп шықсын. Біздікі не анда емес не мында емес болып тұр.

Қазір физика-математика мектеп-интернатында жүзден астам бала оқиды.Қырық оқушы биыл қолдарына аттестат алса, қалған сексенге тарта оқушы гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептерде білімін жалғастырады. Осындай шешім қабылдаған білім басқармасындағылар, дарындылардың жағдайынан гөрі балабақшаның жетіспеуі маңыздырақ, -дейді. 

Жәния Әлмұқанов, Ақтөбе облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары:

- Қазір қаланың балабақшаның жағдайын реттеуге кішкентай да болса үлес қосылады. Бұл бүгін туындаған сұрақ емес қой. Жылма жыл бір не бойынша, біздің жоспарымыз бойынша жайлап-жайлап кезеңмен жұмыс жасалып жатыр.

Еліміз бойынша физика мен математикадан дарынды балаларды тереңдетіп оқытатын арнайы мектеп-интернат тек екі қалада ғана бар. Бірі Алматыда, екіншісі осы жабылғалы тұрған білім ордасы. Зияткерлік мектептері ашылғалы бері бұл үрдіс өзге өңірлерде енді бастау алып жатыр.

Әйтсе де жиырма жылға жуық қызмет етіп, білім сапасы жағынан Қазақстандағы үздік атанған мекептің ғимаратына балабақша ашу үшін көз сүзген басшылардың қылығын ата-аналар түсінбей отыр. Оның орнына кезінде жекенің қолына өткен балабақша ғимараттарын қайтарып алса жөн болар еді дейді олар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде