{metadescription}
0:000:00
Адам өліміне себепкер шенеунікті үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылмады

Адам өліміне себепкер шенеунікті үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылмады

Қарағандыда облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы жасаған жол апатының бейнетаспасын тәртіп сақшылары ақыры көршілікке көрсетті. Бақылау камерасының жазбасын олар құпиялықты желеу етіп тілшілерден екі апта бойы жасырып келді.

Мына кадрлерде Ерлан Өтешев тақымдаған көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, үш бірдей көлікпен соқтығысқаны анық байқалады. Қатты соққыдан Тойота жол жиегіндегі бетон дуалға ұрылған. Ішіндегі жолаушы әйел тілге келмей көз жұмған-ды. Тізгіндегі ұлы мен Опельдегі жүргізуші де ауыр жарақаттар алған. Кейін сараптама қорытындысы Өтешевтің удай мас болғанын әшкереледі. Ал бүгін аудандық сот шешімімен аурухана палатасынан 2 айға тергеу абақтысына ауыстырылған шенеуніктің «үйге қайтсам» деген арызы облыстық сотта қаралған болатын. Адвокаттары оны үйқамаққа ауыстырсын дегенге сан сылтау айтқанымен судья көнген жоқ.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде