{metadescription}
0:000:00
Көктем келсе де, солтүстік пен шығыстағы боранның беті қайтар емес

Көктем келсе де, солтүстік пен шығыстағы боранның беті қайтар емес

Күнтізбе бойынша көктем келсе де, еліміздің солтүстік, орталық және шығысына қыс қайта түскендей! Бұл аймақтарда ақтүтек боран кешегіден де күшейді. Ұйытқып соққан дүлей желден ауыл-аймақ тұрмақ, қаланың ішінде қарыс жер көрінбейді. Ал төтенше жағдайлар қызметі күртік қарға кептеліп, жолда қалғандарға қол ұшын созып үлгере алар емес. 

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы кешегіден екі есе күшейген. Оған әлі сынбай тұрған аязды қосыңыз. Түнде бұл өңірде ауа  температурасы -23 градусқа дейін төмендеді. Ал бүгін қаладан шығатын барлық жолдар түгел жабылды. Байланыс үзілген ауылдарда нан мен аса қажетті азық-түлік қоры таусылып жатыр. Ақтүтек боран тіпті шаһар тұрғындарын да әбігерге салуда.  

Гүлайым Жамкенова, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Қар боратып жатыр, жүруге де қиын. Жастар бізге қиын, ал кәрілерге  қиын.  

Ұйтқыған боран қарағандылықтарды да қинады. Қала сыртына қатынайтын мына автобустың жүргізушісіне бұрқасында жол көрінбей, тізгінге ие бола алмапты. Жол дегені жиек болып шығып, қоғамдық көлік омбы қарға бір бүйірімен батып қалған. Абырой болғанда, апат –автобус жолаушыларды түсіріп, рейстан бос қайтып келе жатқанда орын алыпты. 

Ержан Исайынов, автобус жүргізушісі: 

- Жел де қатты болды түк көрінбейді. Сосын ақырын шұңқырға түсіп кеттім , сосын былай жел көтеріп алып кетті.

Шығыс өңірде де қатты дауыл түні бойы тұрды. Сапар шегу аса қауіпті екені ескертілсе де, бірнеше көлік Семейге жете алмай жолда қалған. Түн ортасында құтқарушылар қар құрсауынан ондаған көлікті алып шықты. Аман қалған 45 жолаушының ішінде бір нәресте де бар.  

Мұратбек Сақов, Семей қалалық ТЖБ маманы:

- 30-60 сантиметрқалыңдықта қар жауып тастаған жолды. Көліктердің әрқайсысын қардан бір-бірлеп алып шықтық, ПАРМ-ға тіркелу арқылы. Барлығын шығарып, қалаға өз беттерімен жеткенше, таңғы сағат жетіге дейін құтқару шаралары жүргізілді.

Осы күндері еліміздің құтқарушылары республика бойынша 400-ге жуық көлікті қар құрсауынан алып шығып, мыңдаған адамның өмірін аман алып қалды. Абырой болғанда үсік шалып, денсаулығына зақым келген ешкім жоқ. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Аяз бен боранның беті әйелдер мерекесі қарсаңында ғана қайтады, -дейді олар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.