СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Автор: Елдос Сапарғали
06.03.2013
Чемпиондар лигасының 1\4 финалына жолдама алған алғашқы командалар белгілі. Олар дортмундтық “Боруссия” мен мадридттік “Реал”. Германиялықтар өз алаңында украинаның “Шахтерын” 3:0 есебімен ойсыратса, карольдік клуб сырт алаңда “Манчестер Юнайтедттен” басым түсті.
Биылғы чемпиондар лигасының басты фавориттері саналған қос клуб аянып қалған жоқ. Үзіліске дейін алаң иелері үш рет есеп ашатын мүмкіндікті құр жіберіп алған. Екінші тайм басталысымен ойын тізгінін өз қолына алған манчестерліктер есепте алға шықты. Қорғаушы Рафаэль Варанның қателігінен кейін Луиш Нани қақпа алдына пас шығарған. Абайсызда допты қақпаға бағыттаған Серхио Рамос автогол иесі атанды. Ал кездесудің 56-шы минутында “Манчестер Юнайтед” 10 ойыншымен қалды. Альваро Арбелоаға қарсы тәртіп бұзған Луиш Нани болатын. Төрешінің бұл шешімі көп дау тудырғанымен шешуші фактор болғаны сөзсіз. Бұдан кейін ойыны жанданған қонақтар Лука Модрич пен Криштиану Роналдудың голымен жеңісті тойлады.
Көпкүндік веложарыс Париж-Ниццаға қатысушылар екінші кезеңді артқа тастады. Қырсық шалғанда алғашқы кезеңнің жеңімпазы француз Насер Буанни, жарысты тоқтатуға мәжбүр болды. Мәреге 27 шақырым қалғанда кезекті бұрылыстан мүлт кеткен француз ерден ауып қалды.
200 шақырымға созылған жарыс жолында өзгелердің алдына түсіп шабатын мықтылар шыға қоймады. Айналып келгенде бұл жолы да мәселенің бәрі спринтерлердің бәсекесіне келіп тірелді. Көптің ортасынан ебін тауып сытылып шыққан неміс Марсель Киттель, өзгелерді қапы қалдырды. Екі күн қатарынан екінші нәтиже көрсеткен италиялық велошабандоз Элиа Вивиани, әзірге жалпы есептің тізгінін қолға алды. Аустралиялық Лейф Ховард үшінші нәтиже көрсетсе, «Астана» сапындағы словениялық легионер Борут Бозич төртінші орынға табан тіреді. Отандық велоклубтың өзге өкілдері алғашқы жиырма үздіктің қатарына ене алмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!